20 жастағы қыздың жарқ-жұрқ өмірін көріп, кедейлердің қатарына жататынынымды түсіндім

20 жастағы қыздың жарқ-жұрқ өмірін көріп, кедейлердің қатарына жататынынымды түсіндім

Мен кедей екенмін…

 

Небәрі 20 жастағы қыз(әкімнің қызы) 15 миллиондық алқа мен 8 миллиондық жүзік тағады. Ал, сөмкелерінің бағасы 21 миллион теңгеден асады дейді ақпарат көздері…

 

Шынымды айтайын, өмірімде бренд сөмке ұстап, бриллиант тағып көрмеппін. Әркім әрқалай түсінер, ол енді қабылдауыңызға байланысты. Тапқан табысымның басым бөлігі ипотека мен несиені жабуға кетеді екен. Оның үстіне, қалада әр қадамың ақша. Ал, тапқанымнан тиын артылса, депозитке жинаймын. Қауіпсіздігім үшін, ертең не боларын білмеймін…

 

Әр тиынды маңдай теріммен тапқан соң ба, ақшаның бағасын білем, оңды-солды шашпаймын. Бар табысты брендке жұмсап, қоғамға “сыйлы” болып жүруге болар еді(бір жерге барсаң, мініп келген көлігің мен үстіңе жапсырған шүберекке қарап бағалайтынын талай көргенмін) біздің құндылықтар осындай, өкінішке орай… “Армангүл Тоқтамұрат” деген атыңа сай, үлкен көлік мінбейсің бе деп сөзбен тістегендер де болған. Атым-ол менің жұмысым, ал, көлігім-ол менің жағдайым(әйтпесе, кімнің жақсы көлік мінгісі келмейді). Шындық осы.

 

Қысқасы, 20 жастағы қыздың жарқ-жұрқ өмірін көріп, мен кедейлердің қатарына жататынынымды түсіндім. Бізде орта тап деген жоқ қой. Не байсың, не кедейсің!

 

Ал, Сіз қайсына жатасыз?

 

Пысы: бұл материалдық тұрғыдағы салыстырмалы жазба. Ең бай адам-он екі мүшесі сау адам.

 

 

 

Армангүл Тоқтамұрат

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста