"Пари Сен-Жермен" Франция чемпионатының 19-турында "Ренн" командасынан ұтылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл матчте бір ғана гол соғылды - 65-минутта Амари Траоре алаң қожайындарына жеңіс сыйлады.
Алайда бұл матч Уоррен Заир-Эмери үшін айтулы болды.
Opta Sports мәліметінше, ол Франция чемпионатында ПСЖ сапында алаңға негізгі құраммен шыққан ең жас футболшы атанды (16 жас 313 күн).
72-минутта оны алаңда Карлос Солера алмастырды.