"Ливерпуль" клубының шабуылшысы Мохамед Салах жаңа рекордқа қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында "Ливерпуль" клубы "Реал Мадридтен" 2:5 есебімен ұтылды. Аталған ойында Мохамед Салах мергендігімен көзге түсті. Бұл - мысырлық ойыншының еурокубоктағы 42-голы. Осылайша, шабуылшы "Ливерпуль" футбол клубының Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы үздік сұрмергені атанып отыр. Мохамед Салах "мерсисайдтықтардың" аңызы Стивен Джеррардты басып озды (41 гол).