Месси мен Роналду: Кімнің табысы көп?

Месси мен Роналду: Кімнің табысы көп?

Францияның France Football басылымы таратқат мәлімет бойынша Каталонияның «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси 2014 жылғы тапқан табыс бойынша Мадридтің «Реал» клубының намысын қорғайтын Криштиану Роналдудан озып кетіпті, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Басылымның есеп-қисабы бойынша, Аргентина құрамасының шабулшысы өткен жылы жалпы 65 миллион еуро көлемінде пайдаға кенелген екен. Оның тең жартысын Месси клуб сапынан жалақы ретінде алса, қалғанын жарнамадан тапқан.
Өткен жылы көп табыс тапқан футболшылардың екінші сатысында Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду орналасқан. «Корольдік клубтың» шабуылшысы жылқы жылы есеп-шотын 54 миллион еуроға дейін көбейтіпті.
Табысы мол аяқдопшылардың үздік үштігін «Барселонаның» тағы бір футболшысы Неймар түйіндеп тұр. Бразилия құрамасының шаблуышысы өткен жылы 36,5 миллион еуроны әмиянына басқан.
Францияның «ПСЖ» клубының капитаны Тиаго Силва тізімнің төртінші сатысында. Оның 2014 жылғы табысы 27,5 миллионға тең келсе, «Манчестер Юнайтедтің» шабулшысы Робин ван Персидің табысы 25,6 миллион еуро. Робин тізімнің бесінші сатысына жайғасыпты.
Бұл футболшылардан бөлек, France Football басылымының тізген тізімі бойынша 2014 жылы мол табыс тапқан футболшылардың тізіміне Гарет Бэйл (Уэльс, «Реал») – 23,8, Уэйн Руни (Англия, «Манчестер Юнайтед») – 22,5, Златан Ибрагимович (Швеция, «ПСЖ») – 21,5, Серхио Агуэро (Аргентина «Манчестер Сити») – 21,2, Роберт Левандовский (Польша, «Бавария») - 20,2 сынды аяқдопшылар енген екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста