Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 11-19 ақпан аралығында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп жазады "Алаш айнасы" Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан ұлттық құрамасы жылдағыдай жаңа маусымды Түркияда бастап, алғашқы оқу-жаттығу жиынын жүргізеді. Әрі осы жиын барысында Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл кездесу 18 ақпан күні Анталиядағы "Мардан" стадионында, Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан бұл жиынға мына футболшыларымызды шақыртыпты:
қақпашылар – Александр Петухов ("Тобыл"), Ненад Эрич ("Астана"), Александр Мокин ("Шахтер"), Андрей Сидельников ("Ордабасы").
қорғаушылар – Абзал Бейсебеков ("Астана"), Ермек Қуантаев ("Қайрат"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ордабасы"), Юрий Логвиненко ("Ақтөбе"), Дмитрий Шомко ("Астана"), Пиралы Алиев ("Ертіс"), Илья Воротников ("Тараз"), Марк Гурман ("Қайрат"), Ренат Абдулин ("Ордабасы"), Сергей Малый ("Ордабасы"), Виктор Дмитренко ("Ақтөбе");
жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан ("Қайрат"), Самат Смақов ("Ертіс"), Аслан Дарабаев ("Қайрат"), Бауыржан Байтана ("Қайрат"), Ұлан Қонысбаев ("Астана"), Жақып Қожамберді ("Тараз"), Азат Нұрғалиев ("Ордабасы"), Марат Шахметов ("Ертіс"), Станислав Лунин ("Шахтер"), Анатолий Богданов ("Тобыл");
шабуылшылар – Таңат Нөсербаев ("Астана"), Дәуренбек Тәжімбетов ("Ордабасы"), Алексей Щеткин ("Астана").