Ең қымбат қазақ футболшылары (ІІ бөлім)

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер футболшылардың трансферлік нарықтағы бағасы туралы әңгімені жалғастырамыз. Біз енді назарларыңызға ел біріншілігіндегі ең қымбат деген он қазақ футболшыларын ұсынуды жөн санап отырмыз.
Ел біріншілігігінде доп теуіп жүрген қазақ футболшыларының трансферлік нарықтағы құнын ақытау үшін біз тағы да Transfermarkt.de порталының мәліметіне жүгіндік. Ондағы ұсынылған ақпарат бойынша, ел біріншілігіндегі ең қымбат қазақ футболшысы – Бауыржан Исламхан екен. Алматының «Қайрат» клубының намысын қорғайтын талантты жартылай қорғаушының құны – 600 мың еуро. Бүгінде тек «Қайратты» ғана емес Ұлттық құраманы өрге сүйреп жүрген «Баторидің» өткен жылмен салыстырғанда трансферлік нарықтағы құны 250 мың еуроға өсіпті.
Екінші орында елорданың «Астана» клубының намысын қорғайтын шабулшы – Таңат Нөсербаев тұр. Оның трансферлік нарықтағы құны еш өзгеріссіз – 500 мың еуро.
Тізімнің үшінші сатысында «Қайрат» клубының тағы бір жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев орналасыпты. Жамбылдың трансферлік нарықтағы бағасы - 400 мың еуро.
Трансерлік нарықтағы бағасы 400 мың еуро тұратын тағы екі қазақ футболшысы бар. Олар – Ермек Қуантаев және Аслан Дарабаев. Бұл екі футболшының бұған дейінгі футбол нарығындағы бағалары арзан болғандықтан төртінші және бесінші орынды екеуара бөлісіп тұр.
Ең қымбат қазақ футболшыларының арасындағы алтыншы орын Асхат Тағыбергенге бұйырыпты. «Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысын портал 350 мың еуроға бағалап отыр.
Жетінші орынға Шымкенттің «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев жайғасыпты. Оның бағасы – 300 мың еуро.
Одан кейін тізімде Марат Шахметов («Астана» - 300 мың еуро), Ұлан Қонысбаев («Астана» - 300 мың еуро) және Абзал Бейсебеков («Астана» - 300 мың еуро) секілді футболшылар орналасқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста