ЧЛ: «Реал Мадрид» «Челсиден» басым түсті

ЧЛ: «Реал Мадрид» «Челсиден» басым түсті

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалында тағы екі кездесу өткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Екі ойынның бірінде «Реал Мадрид» (Испания) пен «Челси» (Англия) командалары шеберлік байқасты.

 

Испаниялық клуб жартылай финалға жақындай түсті. Кездесу барысында қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Олардың қатарынан Карим Бенземаның белсенділігі байқалды. Нәтижесінде, ол 21-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

 

Екінші кезеңде «Реал Мадрид» сапынан Марко Асенсио гол соғып кетті.

 

Осылайша, мадридтік клуб өткен жылғы көрсеткішін қайталауға жақындай түсті. Былтыр олар Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанған еді.

 

Тағы бір кездесуде Италияның «Миланы» өз елінің «Наполи» клубын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Олардың қатарынан Исмаэль Беннасер 40-минутта мергендік танытты.

 

Қарымта кездесу 18 сәуірге белгіленген.

 

Еске салсақ, Англияның «Манчестер Сити» клубы өз алаңында германиялық «Бавариядан» 3:0 есебімен басым түссе, португалиялық «Бенфика» (Португалия) клубы Италияның «Интеріне» 0:2 есебімен жол берді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста