"Антальяспордың" бас бапкері Нури Шахин Түркия чемпионатының матчінде төрешілерді өз футболшыларынан арашалап қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Фенербахчемен" матчтен кейін (1:2) ұтылып қалған ойыншылар төрешілер бригадасына өз наразылықтарын айтпақ болған, алайда 34 жастағы маман футболшыларды ұрсып-ұрсып кейін қайтарды.
"Нури Шахин төрешілерді... өз футболшыларынан қорғап жүр! ? Мынау таза сандырақ екен!" - деп жазады beIN SPORTS Twitter желісінде.
Айта кетейік, қосымша уақытта төрешілер бригадасы VAR жүйесі арқылы "Антальяспордың" екінші голын есепке алмады, ал қарсчлас команда екі голдың бірін пенальтиден салды.