Әлемдегі ең бай футболшылар (фото)

Өткен аптада Goal.com порталы әлемдегі ең бай аяқдопшылардың тізімін жариялады. Бұл тізімге енген футболшылардың жалақсы мен жарнамалық келісімшарты есептелген. Осы орайда «Алаш айнасы» интернет-порталы сол әлемдегі ең бай деген он футболшыны ұсынады.


Goal.com порталының мәліметі бойынша, бүгінгі таңдағы әлемнің ең бай футболшысы – Криштиану Роналду. Оның жалпы табысы – 210 миллион еуроға тең келеді. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, Роналдудың өткен жылға қарағанда табысы 62 миллион еуроға өскен.
Роналдудың «Реалмен» жасаған жаңа бес жылдық келісімшарты бойынша ол клубтан жылына 18,2 миллион еуро жалақы алады. Португалиялық шабулшының табысының басым бөлігін Toyota, Herbalife, Emirates, Castrol, Samsung, Soccerade, Emporio Armani, Konami және Banco Espirito Santo компанияларымен жасалған шартнамадан түсіп тұрса, KFC компаниясынан жылына 25 миллион еуро алады.
Сонымен қатар Роналдуды өзінің жеке киім бренды мен музейінен де біршама табыс келеді. Одан бөлек, «Корольдік клуб» шабулшысының Португалияның Алгавре қаласында өзінің түнгі клубы бар көрінеді. Одан да жылына 2 миллиондай кіріс кіреді.


Әлемдегі ең бай деген футболшылардың екінші сатысында Каталонияның «Барселона» клубының шабулшысы Лионель Месси тұр. Оның табысы – 200 миллион еуро. Өткен жылмен салыстырған Мессидің де табысы өскен. Нақты айтсақ, Леоның өткен жылғы табысы 146 миллион еуро болған екен. «Барселонамен» жасаған жаңа келісімшарты бойынша Месси клбутан жалақы ретінде 20 миллион еуро алады. (Салықты қоса есептегенде. Испанияда салық табыстың 53 пайызына тең келеді - ред).
Одан бөлек, есімін тек жарнама үшін пайдаланғаны үші Месси оншақты компаниядан 15 миллион еуро алса, Adidas, EA Sports, Ooredoo, Samsung, Lay's, Audermars Piguet, Gillette, Dolce & Gabbana, Head & Shoulders, Gatorade and Pan Bimbo компанияларының жарнамаларына өзі түсіп, табысының жартысынан көбін осы компаниялардан алған.
Аргентиналық шабулшының 80 миллиондай табысы өзінің туған қаласы Росарионың маңында орналасқан жеті үлкен әрі заманауи талаптардың барлығына сай соғылған тұрғын үй кешенінен түскен. Бейресми ақпарат бойынша, бұл тұрғын үй кешенінің 80 пайыз акциясы Мессиға тиесілі екен.


Ауқатты футболшылардың үшінші сатысында «Барселонаның» тағы бір жұлдызды футболшысы – Неймар орналасқан. Оның жалпы табысы 135 миллион еуро. Өткен жылмен салыстырғанда Неймардың табысы 55 миллион еуроға өсіпті.
Бразилиялық шабулшының «Барселонадан» бір жылда алатын жалақысы 8,8 миллион еуро. Бірақ, бұл сомма алдағы уақытта өсуі мүмкін. Себебі, Каталония ұжымының басшылары Неймарға жаңа келісімшарт дайындап жатқан көрінеді.
Өзге футболшылардікі секілді Неймардың да басты табыс көзі – жарнама. Ол бүгінде Nike, Panasonic, Claro, Tenys-Pe, Lupo, Guarana Antarctica, Unilever, Volkswagen, Santander, Red Bull, Heliar сынды 12 ірі компаниямен келісімшартқа отырған.


Тізімнің төртінші сатысына «ПСЖ» клубының швециялық шабулшысы Златан Ибрагимович жайғасыпты. Оның байлығы 105 миллион еуроға бағаланып отыр. Златанның Nivea, xBox, Volvo және Dressman сынды компаниялармен шартнамасы бар. Одан бөлек, Ибрагимовичтің Стокгольм маңында 350 акр (141,75 гектар - ред) жері бар. 2013 жылы «Мен - Златанмын» деген өмірбаяндық кітабынан футболшы 8 миллион еуро пайда тапқан.


Табысты футболшылардың бесінші сатысында – Уэйн Руни. Оның осы уақытқа дейін жиған-терген табысы 103 миллион еуро. «Манчестер Юнайтедпен» жасалған келісімшарт бойынша ол жылына клубтан 18,9 миллион еуро жалақы алады. Сонымен қатар Nike, Samsung and Harper Collins, Coca-Cola сынды ірі компаниялармен ұзақ мерзімге жасалған шартнамасы да бар. Орайы түскенде айта кетейік, Руни бүгінде Англияның ең бай футболшысы.


Алтыншы орынға Кака жайғасыпты. Бразилиялық жартылай қорғаушының бар дүние-мүлікі 95 миллион еуроға бағаланған. Оның 35 миллионын Кака «Реал» сапында жүріп тапса, қалғанын жарнамалық келісімшарттардан түскен. Айтпақшы, Кака жуырда АҚШ-тың MLS лигасында өнер көрсететін «Орландо Сити» клубымен келісімге келді. Жаңа клубының қатарында ол жылына 6,3 миллион еуро жалақы алады.


Жуырда ғана Италияның «Сампдория» клубына ауысқан шабулшы Самюэль Это'О жетінші орынға тұрақтапты. Камерундық футболшының байлығы 85 миллион еуро.


Мадридтің «Реал» клубының аңызға айналған футболшыларының бірі – Рауль тізімнің сегізінші сатысында. Оның дәулеті 85 миллион еуро.


Тағы бір бразилиялық жартылай қорғаушы Роналдинью тоғызыншы орында. Оның қазсынасында 83 миллион еуро бар екен.


Ең бай деген футболшылардың бірінші ондығын «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард түйіндеп тұр. Goal.com порталының мәліметі бойынша, Фрэнктің есеп-шотында 80 миллион еуро бар екен.

Шет елдік басылымдардан дайындағын: Уалихан Қосанбай

Goal.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста