Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айта кетейік, Еуро-2024 іріктеу кезеңінің алғашқы турында Португалия құрамасы Лихтенштейнмен кездесті. Лиссабон қаласында өткен ойында алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті. Аталған матчта Криштиану Роналду екі голымен көзге түсті. Осылайша, әлем футболының жарық жұлдыздарының бірі ұлттық құрама сапындағы 197 кездесуіне қатысып, рекорд орнатты. Бұған дейінгі үздік нәтиже Кувейт ойыншысы Бадра әл-Мутаваға тиесілі болған (196 ойын). Сонымен қатар португалиялық сұрмерген ұлттық құрама сапында 120 гол соққан алғашқы футболшы атанып отыр.