ҰБТ-ға қалам алып кіруге тыйым салынады

ҰБТ-ға қалам алып кіруге тыйым салынады

Келесі жылдан бастап талапкерлерге ҰБТ-ға өзімен бірге қалам алып кіруге тыйым салынады. Түлектерге қалам аудиторияда беріледі. Бұл туралы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, биылғы ҰБТ-да бөгде тұлғалар анықталған жоқ. Алайда тыйым салынған заттарды кіргізу фактілері тыйылмай тұр.

 

"Біз денсаулығында кінәраты бар балаларға дәрумен мен дәріні кіргізуге рұқсат етеміз. Бізде бір оқушы дәруменнің бетіне формулаларды жазып қойған, арнайы қаламдар да болған. Сол себепті біз келесі жылы ҰБТ өткізу кезінде қаламдарды да аудиторияда беру туралы шешім қабылдағымыз келеді. Биыл біз оқушыларға қаламды өзімен бірге әкелуге рұқсат еттік. Бірақ қаламға шпаргалка жасырған фактілер кездесті, сол себепті біз мұның бәрін ескеріп, шешім қабылдаймыз", - деді Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 

Бұған дейін биылғы ҰБТ-да 402 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ тестілеу кезінде ережені бұзған 312 адам аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста