Қырғыз бен Ауған мәселесі толғантады

Қырғыз бен Ауған мәселесі толғантады

Орталық Азияның отты нүктесіне айналған Қырғызс­тан мәселесі Астана саммиті­нің күн тәртібінде қызу тал­қы­ланған тақырыптың бірі болды. Жаһандық қауымдас­тықтың мазасын алған Қыр­ғыз жағдайын реттеу күн сайын өзектілігі артып отыр­ған мәселе екендігі айқын. «Сайлау өтті, мемлекеттік билік қалыптасып келеді» делінгенімен, елдегі тұрақты­лық әлі де орныққан емес. Қырғызға қолдау жасау жайлы дүйім елдің серкелері Астанада сөз етіп жатқанда, Алатаудың ар жағынан «жары­лыс­тар» туралы жаңғырықтың орын алуы да соның айғағы іспеттес.
Қазақстан төрағалық алған тұста Қыр­ғызстан мәселесінің күн тәртібіне шығуына байланысты жұртшылық арасында бірша­ма пікір қалыптасқаны рас. Бұндай пікірдің басым бөлігі ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы ретінде Қазақстан тарапынан жасалған әрекеттерді құп алып, елдің, бас­шы­ның атына ризашылықтар да айтылып жататын. Көп мәселеден кілтипан іздеп тұратын АҚШ-тың өзі Қазақстанның Қыр­ғыз мәсе­лесінде атқарған рөлін жоғары бағалайды. Әнеугүні Астана саммитінің қарсаңында өткен кездесулерінде Хиллари ханым да біраз жерлерде осыны айтқан болатын. Еуропа мемлекеттерінің түгелі, қақтығыс­тың ошағы Қырғызстанның рес­ми басшы­лығы да Қазақстанның жәрдемін анық сезініп, алғысын жаудырып жүр. Тек Орта­лық Азияда үнемі қазаққа бәсекелесіп жүретін «алатақиялы» ағайынның үні бұл жолы да ерен шықты. «ЕҚЫҰ осы жазда Қырғызстанның оңтүстігіндегі этносаралық қанды қақтығыстарды сақтап қалуда ешқандай да рөл ойнамады», – дейді саммитке қатысқан Өзбекстанның сыртқы істер министрі Владимир Норов. Қырғыз­с­танның Ош пен Жалал-Абад өңіріндегі өзбек пен қырғыз арасындағы қанды қақ­тығыс қасіретіне тоқталған өзбек министрі әлгіндей трагедияның салдарын да есептеп шықты. Сосын: «Шынын айту керек, өкі­ніш­ке қарай, ЕҚЫҰ мен оның құрылымдары іс жүзінде Қырғызстанда болған қанды қақтығыстарды ескерту мен бейтараптан­дыру үшін ешқандай позитивтi рөл атқар­ған жоқ», – деп салды Норов мырза.
Әрине, іргедегі ағайынның базынасына көпшілік қауым онша назар аудармағаны сезіледі. Өйткені негізгі міндет – өткенді өлшеу емес, болашақты дұрыс болжау, ала­пат дағдарысты өршітпей, ықтимал ауыртпалықтың алдын алу. Сондықтан да  саммит барысында Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева ханымның «есебін» тың­да­ған ЕҚЫҰ қатысушылары алдағы уақытта қай бағытта ынтымақтастықты арттыру қажеттігіне біраз бас қатырды. Ал жекеле­ген пікірлерге келетін болсақ, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қырғыз мәселесіне шынымен жаны ашып, алаңдаушылығын білдіріп, ел басындағы ахуалмен жақынырақ танысу ниетін біл­дірді. Хиллари ханымның Астанадан кейін Бішкекке, сосын Тәшкенге жоспарлаған сапары соның айғағы болса керек. «Жалпы, Қырғыз мәселесіне қатысты бірқатар жағдайды атап өткім келеді. Біріншіден, түсінікті болуы үшін қырғыз халқы өз сөзін айтқанын қалаймын. Олар демократияға ұмтылады, сондықтан бәріміз көмек қолын созуымыз керек. Екіншіден, кез келген қоғам­дағы секілді этникалық, ұлттық топ­тар арасында шиеленістер баршылық. Сондықтан жұмыла отырып, үкімет пен азаматтық қоғам бірлесіп жұмыс атқаруы үшін бұндай шиеленістердің алдын алудың шараларын жасауға тиіспіз», – деді Х.Кли­н­тон. Сонымен қатар АҚШ мемлекеттік хатшысы Қырғызстанның бүгінгі билігі іс жүзінде бірлесе жұмыс атқара алатындық­тарын, елді басқара алатындықтарын көр­сетулері қажеттігін айтты. «Әрине, Қырғыз елінің жағдайы ауыр. АҚШ бұл елге қолдау көрсету үшін барлық шараларды қамтиды», – дей келе мемлекеттік хатшы Қазақстанның Қыр­ғыз еліне жасаған көмегін жоғары бағалады. Ал ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғары комиссары Кнут Волле­бек «Қырғызстан өз ішіндегі жағдайға тиіс­­ті деңгейде назар аудармаса, қақты­ғыстар қайталануы мүмкін» деген пікір­де. Бұл ретте Жоғары комиссар қақтығыс­тарға жол бермес үшін Қырғызстан үкіметі бел­сен­ді қадамдарды іске асыруы тиістігін алға тартады. «Егер бұл мәселелерді шешу­ге қажетті деңгейде көңіл бөлінбесе, қақ­ты­ғыс­тар қайталануы әбден мүмкін», – деп түйіндеді сөзін К.Воллебек.
Айтпақшы, Қырғыз билігі ағымдағы жылы елде орын алған қақтығыстың се­беп-салдарын тексеруді аяқтап қалған се­кіл­ді. Арнайы комиссияның қорытындысы да 2011 жылдың қаңтарында жарияланады деп күтілуде. «Қырғызстандағы қақтығыс себебін тексеру жөніндегі мемлекеттік ко­мис­сия өзінің жұмысын аяқтап келеді. Со­ны­мен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ және Еуропа елдерінің бірқатар үкіметтері­мен, АҚШ тарапымен қолдау тапқан халықаралық комиссия өзінің тексеруін бастады. 2011 жылғы қаңтардың аяғына қарай комиссия мандатына сәйкес оның қорытындысы жарияланатын болады», – деді Қырғызстан Президенті.
Ауғанстанда ЕҚЫҰ-ның қызметі жандана түседі
Мемлекет басшысының сөзімен айтсақ: «Әлем картасында Ауғанстан қаны сор­ғала­ған жара түрінде қалып келеді». Оның үстіне бұрындары Ауғанстан Америка­ның «бас ауруы» аталса, қазіргі Ауғанстан –  әлемнің «бас ауруы». Сондықтан да  Астана саммиті жарияланған тұстан бастап бірқа­тар ел Ауғанстан мәселесін кеңінен талқы­лауға мүдделілік танытқан болатын. Әсіресе алған бетінен қайтпайтын АҚШ тарапының Ауғанстан ауыртпалығын бөлі­су­ге басқа жұртты да тартудағы ерекше ұмтылысы білінген еді. Саммиттегі қауіпсіз­дік мәселесінде ауған проблема­сына ерек­ше орын берілгені де сондықтан тәрізді. Алғашқылардың бірі болып БҰҰ Бас хат­шы­сы Пан Ги Мун Ауғанстандағы бейбітші­лік һәм тұрақтылық миссиясы мақсатында ЕҚЫҰ-ны кеңінен бірлесе қызмет атқаруға шақырды. Бұдан бөлек Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауған еліне қатысты өз алдына бағдарлама әзірлеп, оның аясында есірткі айналымы бойынша трансшекаралық ынты­мақтас­тықты күшейту шараларын қамтитын бо­лып­ты. АҚШ тарапы да Ауған­с­тан пробле­масындағы ЕҚЫҰ белсенділігін арттырудың қажеттігін алға тартып, ұйым­ды осы бағыт­та жұмыла түсуге үндеді. «Бірін­шіден, Ау­ғанс­тандағы өзара мүд­демізді қолдауды арттыратын ЕҚЫҰ рөліне тоқталғым келеді. Бұл ретте Ауғанстандағы тұрақсыздық тек қана Орталық Азия үшін қауіп болып қалмай, ЕҚЫҰ-ның барлық өңірлері үшін қатер болатынын түсініп, қолдау жасаған мемлекеттерге ризашы­лығымды білдіргім келеді. Бұл жағдайда жекелеген мемлекет­тер маңызды рөл атқарып келеді әрі Ау­ған­с­­танды қалпына келтіру үшін жәрдем беруде. Атап айтқан­да, ЕҚЫҰ-ның 40-тан астам мемлекеті осы бағыттағы коалицияға өз үлесін қосып келеді. Қазақстан да жақын аралықта осы коалицияға мүше болады», – дейді АҚШ мемлекеттік хатшысы Х.Кли­н­тон.
Берлускони Ауған үшін Ортақ шекара қызметін құруды ұсынады
Ал Италия премьер-министрі Берлус­кони мырза болса, ауған шекарасын күзету үшін ортақ шекара қызметін құруды ұсы­нады. Италияндық Үкіметбасының айтуын­ша, бірқатар өңірде тұрақсыздық, сондай-ақ жекелеген мемлекеттер шекарасынан оп-оңай-ақ «өтіп кете беретін» лаңкестік, адам саудасы, есірткі тасымалы сияқты сырт­қы қауіп-қатерлер жетерлік. Ал бұн­дай қатерлер әсіресе Азияның кіндік тұ­сын­да өткірленіп барады. «Өйткені Азия­ның дәл осы өңірінде алмағайып заманды бастан кешіп отырған Ауғанстан шекарасы жатыр», – деген Берлускони мырза ауған шекарасын ортақтасып күзетудің маңызды болатынын еске салды.
Ал сол шекараға жапсарлас елдердің бірі ретінде Өзбекстан тұрақтылық бағытында балама жолды іздеуден танбау қажеттігін тағы еске салады. «Қалыптасқан жағдайда Ауғанстандағы тұрақтылық және әлем жетістіктерінің балама жолдарын іздеу үлкен маңызға ие. Бұнымен қоса, біздің пікірімізше, ЕҚЫҰ құзыретімен «6+3» байланыс тобын құру ерекше рөл атқарады. Мұны 2008 жылғы Бухарестегі ЕҚЫҰ отырысында Өзбекстан тарабы ұсынған болатынбыз. Нью-Йорктегі 2010 жылдың қыркүйек айындағы Мыңжылдық даму саммитінде де Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов тағы көтерген еді», – дейді сыртқы істер министрі Владимир Норов. Өзбек «әкәлардың» бір ұстанымды осы­лай­ша қайта-қайта тықпалауына қара­ған­да ешбір ұйымның ұсынысқа бет бұр­ма­­­ға­нын аңғаруға болатын тәрізді. Де­ген­мен  ЕҚЫҰ қызметі арқылы Ауғанс­тан­ға түбе­гей­лі бетбұрыс жасауға ұйым мүше­лері толық қолдау білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста