Жүзін жейтін қазақта үзіп жейтін жүзім жоқ

Жүзін жейтін қазақта үзіп жейтін жүзім жоқ

Қоңыр күз келгенде ақ дастарқан түрлі жеміс-жидектерге толады. Бұл – жердің бағбан қауымға тарту еткен сыйы. Кеусеннен ауыз тиген көпшілік осылайша ерекше көңіл күйге бөленеді. Алайда қуаныш ұзаққа созыла қоймайды деуге негіз бар. Қытымыр қыста сол жеміс-жидектің бағасы аспандап кететінін қайтерсіз. Оның сырына үңілген адам жауабын оп-оңай тауып алады. Біздің елімізде барлық дақылды өсіруге қолайлы алқаптар бар. Алайда осыдан 15-20 жыл бұрынғы жеміс-жидек өсірген жерлердің басым бөлігі қазір көзден ғайып болғанын несіне жасырамыз? Мәселен, бүгінгі күні Қазақстанда жүзім шаруашылығы өз деңгейінде емес.

Жемістің бұл түрі, негізінен, еліміздің оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Көп күтімді қалайтын дақыл Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында кездеседі. Әрине, алғашқы үш облыстың жер құнары жүзімнің өсуіне өте қолайлы. Деген­мен кезінде Сыр өңірінде де сол дақылды өсіруге бейімделген арнайы шаруашылықтар жұмыс істеді. Өкінішке қарай, 90-жылдардың ортасында көрсең көзің тоятын алқаптар аяусыз оталып кетті. Облыстың оңтүстігіндегі Жаңақорған ауданында «Юбилейный», Шиелі ауданындағы «Алмалы» ауылдары таңдайыңа татырлық жеміс түрінің бабын келтіріп, өнімді молынан жинап жатты. Жеке­шелендіру жылдарында ешкім болашақты барлай қойған жоқ. Жүзім алқабы күтімсіз қалды. Осының салдарынан қаншама еңбекпен егілген жүзімдіктер қурап кеткенін несіне жасырамыз?
Қазір Сырға жемістің бұл түрі, негізінен, сырттан келеді. Кісідегінің кілті аспанда екендігі белгілі. Бағасы қалтаға олқы түсіреді. Қыс айларында келісі 500-700 теңгеге жетіп жығылады. Қысқасы, ағзаңа орасан зор пайдасы тиетін жүзімді анда-санда ғана тұтынуға тура келеді. Оның бағасы тек күзге таман 150-200 теңгені маңайлайды. Бұл уақытта жергілікті бағбандар өз өнімдерін базарға шығарады. Әрине, оның қоры бір-екі айдан арыға бара қоймайтыны тағы бар. Содан кейін баға қайтадан баяғы таз қалпына түседі.
Соңғы ауыл шаруашылығы санағында алынған деректерге сүйенсек, облыста жүзімдік алқабы 42 гектарды құрайды. Оның 80,5 пайызы жеке адамдардың үлесінде болып отыр. Қалғаны саяжай учаскелерінде егілген. Қысқасы, бұл жұмысқа ірі шаруа­шылықтар мән бермей отыр деуге болады. Жүзімдіктің басым бөлігін Қызылорда қаласы мен Шиелі аудандары еншілейді.
Шындығын айтқанда, елімізде дақылдың осы түрін егушілерге қолдау мардымсыз. Соның салдарынан оған көңіл бөлген шаруашылықтар аз болып отыр. Есесіне таң­дайыңа татырлық жүзім шетелден тасымал­данады. Мамандардың айтуынша, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің диқандары аталған өнімді бізге саудалаудан қыруар қаржы тауып жатқан көрінеді.
Қайырбек АБДУЛЛАЕВ, Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұрғыны:
– Жерге шаншылған көшет көктеп кете қоймайды. Мен қырық жылдан астам уақыт­тан бері бау-бақша өсірумен шұғылданып келемін. Бір ғана жүзімнің өзінен біршама табыс табамын. Жылына 3,5-4 тонна өнім жинаймын. Оның келісі базарда 250-300 теңгеден айналады. Сондықтан мемлекет тарапынан осы шаруамен айналысуға ниет білдірген азаматтарға қолдау жасағанды жөн санаймын.

1989 жылы елімізде 27 мың гектар жүзім алқабы болыпты. Соңғы 20 жылдың ішінде бұл алқап бірнеше есеге азайып кеткен. 80-жылдардың басында Оңтүстік Қазақстан облысында 10,7 мың гектар жүзім алқабы болған. Ол 2004 жылы 3,9 мың гектарға кеміді. Осының кесірінен одан жиналатын өнімнің де қаншаға азайғанын бағамдай беріңіз...

Елдің аузында езутартар бір әңгіме бар. Қазақ өзбекке қонаққа барыпты. Сыйлы қонағы келген соң дастарқанға өзбек досы жемістің неше түрін қояды. Алдына алып келген дәмнен тартынбай, қазекем жүзімнің бірнеше түрін аузына салып жіберген көрінеді. Сонда өзбек: «Мұны бізде үзім дейді, бір-бір талдан үзіп жейді», – десе керек-ті. Оған еш қымсынбаған қазақ: «Бізде мұны жүзім дейді, бір жегенде жүзін жейді», – деген екен.
Әзілдің астарында шындық жатыр. Жүзім жегіміз келген екен, оны өсіре де білуіміз керек емес пе?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста