Жүйе құрушы кәсіпорындарға жағдай жасалады

Елімізде 2011-2016 жылдарға белгіленген Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы іске қосылды. Осыны ресми түрде мәлімдеген қаржы министрі Болат Жәмішев өткен жұмада Алматыдағы арнайы дөңгелек үстел барысында аталған бағдарламаның бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды және екінші деңгейдегі банктерді проблемалық активтерден «зарарсыздандыру» мақсатында әзірленгенін айтты.
«Биылғы жылдың 11 ақпанында «Нұр Отан» саяси партиясының ХІІІ съе­зін­де сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Н.На­зарбаев еліміздің нақты және қаржы сек­торындағы мәселелерге кеңінен тоқтала оты­рып, Үкіметке Ұлттық банк пен Қар­жы­лық қадағалау агенттігімен бірігіп, дағ­да­рыс­тан кейінгі қалпына келтіру бағ­дар­ла­масын дайындау жөнінде тапсырма бер­ген болатын. Елбасы аталған мәселенің екі ба­ғыт бойынша шешілуін баса айтты: бә­се­кеге қабілетті кәсіпорындарды сауық­ты­ру және қаржы жүйесін оңалту арқылы», – деген қаржы министрі аталған жиында кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау уа­қытша шара екенін ескертті.

Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға ар­нал­ған бесжылдық көмек
Жалпы, дағдарыстан кейінгі қалпына кел­тіру бағдарламасы борыштары 4,5 мил­лиард теңгеден асатын бәсекеге қа­бі­лет­ті, жүйе құрушы кәсіпорындарды са­уық­тыру мақсатында даярланған. Ал борыштардың екінші деңгейдегі банкпен тығыз байланысы болғандықтан, қаржы секторын бұл арада бөле-жара қарастыру мүмкін еместігі анық. Қарызы жоғарыда атал­ған сомадан аз бәсекеге қабілетті кә­сіп­орындар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдауды пайдалана алады.
Жалпы, бағдарламаға ену мүмкіндігі 2011 жылмен шектеледі. Өздерінің төлем қа­білеттерін қалпына келтірген кәсіп­орын­дар одан әрі «Өнімділік-2020» бағдар­ла­ма­сына және Үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму бағдарламасын жүзеге асы­руға қатыса алады.
Бағдарламада кәсіпорындарды сауық­ты­ру кредиторлардың, меншік иелерінің жә­не мемлекеттің бірлескен іс-қимылымен жү­зеге асырылуы керектігі, ал мемлекеттік кө­мектің көлемі кредиторлар мен меншік ие­лері көрсеткен көмекпен бірдей бола­тын­дығы қарастырылған. Бағдарламаны жүзеге асыру тетігі оған қатысушы кәсіп­орынның қар­жылық жағдайына талдау жасау және әр кәсіпорын бойынша жеке сауықтыру жос­парларын әзірлеу мәсе­ле­лерін қам­тиды.
Бағдарламаға жүйе құрушы мәртебесі бар, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң қағида­ла­рына сәйкес орта және ірі кәсіпкерлік субъ­ектілері болып табылатын, өнер­кәсіптің өн­діру салаларында жұмыс іс­тейтін, сол сияқ­ты алкоголь және темекі өнімдерін шы­ғаратындардан өзге кәсіп­орындар қаты­са алады. Сонымен қатар олардың қар­жы ұйымдарының алдындағы мін­дет­те­ме­лері 2011 жылға 4,5 миллиард тең­геден аспайтын, сол сияқты қайта құ­ры­лым­даусыз оларды орындау болашақта проблема туғызады деген негіз болуы ке­рек. Сол сияқты бел­гіленген алғышарттарға жә­не «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін сот ше­ші­­мімен қалпына келтіру процедурасы қол­данылған кәсіпорындар да бағ­дар­ламаға қатыса алды. Бұл ретте Б.Жәмішев: «Бұ­рын банкроттық бойынша іс қоз­ға­латын, кәсіпорындар өндіріс конкурсы және оңалу процедураларынан өтетін. Ал енді біз бұл арада екі тәсілді қолдануды ұсынып отырмыз. Яғни бұл арада егер кә­сіп­орынға сауықтыру жұмысы жүр­гізілетін бол­са, онда құрылтайшы банкрот деп атал­майды. Сот бір ай ішінде борышкер кә­сіпорынға сауықтыру процедурасы қолданылсын деп шешім шығарады. Осы уа­қыт аралығында ағымдағы ком­мер­циялық операциялардан тыс мүлікті пай­да­лану мен сатуға тыйым салынады, айып­пұлды есептеу тоқтатылады», – дейді.
Мемлекеттің қатысуындағы заңды тұл­ғалар, ұлттық басқару холдингілері, ұлттық хол­дингілер, ұлттық компаниялар және олар бақылайтын заңды тұлғалар, сол сияқ­ты шетелдердің қатысуындағы заңды тұл­ғалар бағдарламаға қатысушы бола ал­майды.
Аталған критерийлер бойынша іріктеу­ден өткен кәсіпорындар сауықтыру жос­па­рын әзірлеу үшін кредиторлар комитеті таң­даған кеңесшілерді жалдайды. Үкімет та­рапынан консультанттар қызметі құ­ны­ның 50 пайыз мөлшерін қоса қар­жы­лан­ды­ру жүзеге асырылады. Бірақ ол бір қа­ты­сушыға 35 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тек несие немесе лизингілік операциялар, Қазақстан қор биржасына шығарылған құнды қағаздардың купоны бойынша жү­зе­ге асырылады. Сондай-ақ борышты суб­си­диялау көлемі 4 миллиард 500 миллион теңгеден аспауы тиіс. Субсидиялау мерзімі жы­лына 7 пайыздық мөлшерлеме бо­йын­ша бес жылды қамтиды.
Стрестік активтер қоры қаржы секторын проблемалық борыштардан тазартады
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­ры жанынан 2008 жылдың аяғында ашыл­ған Стрестік активтер қоры бастапқы мақ­сатын жүзеге асыра алмады. Сол се­бепті Ұлттық банк тағы бір Стрестік актив­тер қорын құруға ниет білдіріп отыр. Оның қызмет ету мерзімі шектеулі, яғни бес жыл. Бұл қордың басты акционері Ұлттық банк болып табылады. Ол борышкер құнды қағаздарды эмиссиялау үшін қаржы­лан­дырады; банктегі проблемалық несиелерді, ке­пілдегі мүлікті бағалап, сатып алады; банк­терден сатып алған активтерді бас­қарады және оны жүзеге асырады. «Ұлттық банк проблемалық активтерді тікелей қар­жы­ландыруға мүдделі емес, қор бір­неше транш бойынша бағалы қағаздар шыға­рады, соны сатып алғандардың қаржысы атал­ған мақсатқа жұмсалмақшы. Қор ұлт­тық банктің еншілес компаниясы болға­нымен, басқарудан өзін оқшау ұстауға ты­рысады», – дейді Ұлттық банк төрағасының орын­басары Данияр Әкішев. Яғни қор шығарған бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорлары (33%), екінші дең­гей­дегі банктер (33%) және Ұлттық банк (34%) өзара бөлісетін болады.
Ал күмәнді және үмітсіз несие мен ак­тив­терді банк жанынан құрылған еншілес ком­панияларға шығарып береді (1-кес­те).
Дөңгелек үстел барысында бәсекеге қа­білетті кәсіпорындарды сауықтыру мақ­сатында қабылданған бағдарлама аясында Жеке кәсіпкерлік туралы, Банкроттық туралы, Салық, Банктер туралы және тағы бір­қатар заңнамаға өзгерістер енгізіліп жат­қандығы да айтылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста