Жоғары технологиялар институтының зерттеулері уран өндірудің өзіндік құнын төмендетеді

Жоғары технологиялар институтының зерттеулері уран өндірудің өзіндік құнын төмендетеді

ЖТИ зерттеулері уран өндірудің өзіндік құнын жылына кем дегенде, $20-ға төмендетуге мүмкіндік береді
«Қазатомпром» Кеңес Одағы тарағаннан кейін Қазақстан аумағында қалған атомдық өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік жұмысын ғылыми және технологиялық жетілдірумен қамтамасыз ету мақсатында 2002 жылы ғылыми және жобалық Жоғары технологиялар институтын (ЖТИ) құрған болатын. Бұрынғы «Средмаш» жүйесіне кірген кәсіпорындарға еліміз аумағынан тыс қалған 200-ден астам ғылыми және жобалық ұйымдардың түрлі қызметтері көрсетілді. Бүгінде институттың негізгі міндеті ғылыми-технологиялық жетілдіру бойынша «Қазатомпромның» барлық кәсіпорындарын тиісті қызметтер тауашаларымен толықтыру болып табылады. ЖТИ-дың қазіргі күні ҚР-дағы қарқынды түрде дамып жатқан ұйым болып табылатынын айта кету керек. «Капитал.kz» іскерлік апталығы «Қазатомпром» ҰАК» Жоғарғы технологиялар институтының бас директоры Серік Қожахметовпен әңгімелесіп, институт алдында қазір қандай міндеттердің тұрғанын және оларды жүзеге асыру жолында қандай кедергілерге тап болатынын біліп қайтқан еді.
- Бүгінгі күні ЖТИ алдындағы жұмыстардың қайсысына басымдылық берілуде және отандық атом саласын дамыту жоспарында ғылымның орны қандай болмақ?
Институт жұмысындағы басымдылық біздің жалғыз құрылтайшымыз болып табылатын «Қазатомпром» даму стратегиясымен белгіленеді. Сіздер табиғи уран өндіру бойынша «Қазатомпромның» әлемдік тұрақты көшбасшы екенін білетін шығарсыздар. Бұл отандық атом саласында еңбек етіп жүргендердің бәрінің лайықты мақтанышы. Бұл жерде институт ұжымының да қосқан үлесі бар екенін айта кеткім келеді. Институт үшін реакторлыққа дейінгі жанармайлық ядролық кезеңнің технологиялық бөлістерінің дамуынан өзге, сирек және сирек жер металлдарын табу және өңдеу технологиялары, сондай-ақ, энергетиканы жаңартуға арналған технологиялар мен материалдар басымдыққа ие.
Сіздің екінші сұрағыныңызға қатысты айтсам, егер жалпы атом саласының даму тарихына көз салсақ, ғылымның рөлі ешқашан екінші кезектегі мәселе болған емес. Өйткені, өз уақытында осы сала алдында тұрған міндеттер оның кәсіби ерекшелігіне қарай, көбінесе экономикалық қана емес, геосаяси себептерге де тәуелді болды. Сондықтан түрлі жобаларды жүзеге асыру барысында, әдеттегідей, ғылыми және технологиялық айтулы қиындықтарды жылдам шешу қажет болды, бұл атом саласындағы ғылыми мамандар мен дайындықтардың жоғарғы деңгейге ие болуына себепші болды.
«Қазатомпромның» қазіргі жұмысына келер болсақ, біздің институтымыз 2014-2016 жылдар үшін «Қазатомпром» ҰАК» АҚ бекіткен ғылыми-технологиялық және инновациялық даму бағдарламасының атқарылуы бойынша оператор болып белгіленген. Аталмыз бағдарлама аясында күтілетін нәтижелер кешені тіркелген, толықтай енгізілсе ол нәтижелер атом саласындағы кәсіпорындар тиімділігін айтарлықтай арттыруды қамтамасыз етпек. Бағдарлама қорытындысы бойынша интеллектуалдық меншік активтерінің бағаланған құны оны жүзеге асыруға жұмсалған қаржының толық көлемінен асып түседі. 2014 жылғы зерттеу және дайындық жұмыстарының бағдарламасы аясында жүргізілген қорытынды бізге үлкен сенім беріп отыр және «Қазатомпромның» заң бойынша ұлттық компаниялар арасындағы инновациялық көшбасшы болып саналатынын көрсетіп берді.
- Бүгінгі күні сіздердің институттарыңыз үшін қандай жоба маңыздырақ болып отыр?
Егер біздің жобаларымыздың қайсысы маңыздырақ дегенге келсек, онда «СМАРТ-кен орны» жобасынан бастаған жөн шығар. Өйткені «Қазатомпром» кәсіпорындары қолданатын уранды жерастылық сілтісіздендіру (ЖС) технологиясы 40 жыл бұрын пайда болған. Осы уақыт ішінде жабдықтар мен материалдар бірнеше даму сатысынан өтті, ал химиялық реагенттер мен электр қуаты ондаған, тіпті жүздеген есеге қымбаттап кетті. Қуанышқа орай, ЖС
технологиясының бүгінде жойылу алдында тұрған едәуір төзімділік қоры бар. Ғаламдық нарықта «Қазатомпромның» бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін институт бас компанияға тиімді технологиялар мен техникалық шешімдерді ұсынуы тиіс. «СМАРТ-кен орны» сондай шешімдерді әзірлеп, сынақтан өткізу үшін қажет. Ол шешімдер «Қазатомпромның» мердігер және біріккен компанияларына енгізілетін болады, ал соңғылары біз жасаған интеллектуалдық меншіктің коммерциялық тұрғыдан пайдалану құқығына ие болады, осылайша институт пен оның құрылтайшысына қосымша табыстар әкелмек. Біз екі жыл бұрын жария еткен алғашқы тұжырымдамамыз осындай.
Жоба идеясы өзіне алдыңғы қатарлы зерттеулер мен инновацияларды игере алатын және сол арқылы отандық атом саласындағы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін одан ары қамтамасыз ете алатын жаңа толқынды кен құрудан тұрады. Уран өндірудің өзіндік құнын «Қазатомпром» көлемінде небәрі $1-ға төмендету арқылы жылына $20 млн-нан астам шығынды азайту екенін айтсақ та жетіп жатыр. Сонымен қатар, біз айтарлықтай үлкен көрсеткіштерді бағдар етіп отырмыз.
Біздің жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға деген сенімділігіміз ғылыми және техникалық босалқы дайындамаға ғана емес, жоғарғы рейтингімізге де негізделеді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша институт ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан «Инновация саласындағы көшбасшы» болып танылып, «Алтын Гефест» жүлдесімен марапатталды.
- СМАРТ-рудникте 2 жыл ішінде қандай нәтижелерге қол жеткізудің сәті түсті?
Бізге жобаны бірден жүзеге асыруға нарық деңгейіндегі жағымсыз жағдаят кедергі болды. Дегенмен біраз уақыт бұрын нарық ұлғая бастады, сондықтан, «Қазатомпромның» инвестициялық мүмкіндіктері біртіндеп арта бастады. Соған қарамастан, кейбір маңызды деген жеке міндеттерді біз қазірден-ақ шешуге талпынудамыз. Инновацияларды сынақтан өткізуге арналған тәжірибе алаңы «Заречное» БК» АҚ дайындаған Заречное кен орны болды, біз сол жерде биылғы жылы келешегі зор делінетін бірнеше технологияны сынақтан өткізуге кірісетін боламыз. «Қазатомпромның» шетелдік көптеген серіктестерінің қатарындағы француздық Areva, канадалық Cameco, ресейлік АРМЗ холдингтерінің аталмыш жобаға қатысуға үлкен қызығушылық білдіріп отырғандығын айрықша айтып өткім келеді.
- ЖТИ алдына қандай ұзақ мерзімдік мақсаттар қойып отыр?
- Мен жоғарыда институттың негізгі деген үш бағытын айтып өттім ғой. Институт сондай-ақ, үш жылдан астам уақыттан бері сирек және сирек жер металлдар негізінде алдыңғы қатарлы материалдар әзірлеу саласында Кембридж университетімен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
2014 жылдың қараша айында біз әлемдік үздік бестікке енетін екі университетпен – АҚШ-тың Беркли университетімен және Стэндфорд Университетімен бірігіп жұмыс істеу меморандумына қол қойыстық. Біз жүзеге асуы еліміздегі жаңа жоғары технологиялар өндірісінің, тіпті осы саланың негізіне айналуы тиіс біріккен жобалар тізімін анықтап қойдық. Кейбір жобалардың нәтижесі ЕХРО-2017-де көрсетілетін болады деп отырмыз.
Айтпақшы, өткен желтоқсан айында елбасшымыздың жетекшілік етуімен өткен инновациялық жобалар жөніндегі жиында біз Стэндфорд және Назарбаев университеттерінің ғалымдарымен бірге, отандық жоғары технологиялық машина жасаудың жаңа саласын қалыптастыру үшін жүзеге асуы нәтижесінде барлық алғышарттарға ие болатын жаңа толқынды литий-иондық аккумляторлар жасау жөніндегі жобамызбен таныстырдық. Жобаға тиісті қаржылық қолдауды отандық даму институттары, нақтырақ айтсам, «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ көрсетеді деп жоспарлануда.
Бүгінгі күні адамзатты қуат көзімен қамту қиындықтарының негізгі ошағы – қуат тудыру саласынан оны сақтау саласына қарай ауытқып кетті, сондықтан зерттеу ісінің аталмыш бағыты өзекті болып отыр. Қазір қуат көзінің үштен бір бөлігі оның тікелей бағытына жұмсалуда, ал қалған бөлігі зая кетуде. Басқаша айтқанда, инновация саласындағы әлемдік үрдіс қазір жаңа қуат көздерін құруға емес, қолдағы мүмкіндіктерді ыждаһатпен қолдануға ден қоюда.
- Сіздер институт алдына қойған міндеттерді жүзеге асыруда қандай қиындықтарға тап болып отырсыздар?
Біздің жоспарларымызды бір ғана басты жағдайда - осы ойларды шынайы іске айналдыра білетін білікті мамандар болғанда ғана жүзеге асыруға болады. Қазір кез-келген елдің баға жетпес капиталы – адам кпаиталы болып отыр ғой, оның көмегімен басқа байлықтардың бәріне қол жеткізуге болады.
Біздің саламыздың ерекшелігі – жылына ең кемі, бірнеше ондаған маманның қажет болып отыратындығында. Атом саласында мұндай көлемдегі жоғарғы санатты мамандарды Қазақстанда, тіпті ТМД аумағында дайындап отыру мүмкіндігі екіталай. Тек Батыста ғана атом саласында жақсы мамандар дайындау үшін жеткілікті қаражат бөлінеді. Сондықтан да мен өз міндеттеріміздің арасынан осындай жобаларды дайындау мен жүзеге асыру үшін жағдай жасау дер едім, өйткені ол жобалар арқылы қазақстандық студенттер біздің кәсіпорындарымызда өздерін дамыта алу мүмкіндігін көретін еді.
Біздің негізгі үмітіміз – «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік университеттерде оқып жатқан студенттерімізде болып отыр. Айтпақшы, Силикондық алқапқа барған кезімде мен Беркли университетінде оқып жатқан қазақстандық студенттер тобымен кездестім. Олар біздің халықаралық біріккен жобаларымызға қатысады және Қазақстанға қайтып оралғанда отандық атом саласында жұмыс істейтін болады деп үміттенеміз.

kapital.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста