Маусымның 18-20 аралығында Алматы облысында «Жетісу – туризмнің өлкесі» атты PR науқаны басталады. Үш күн бойы БАҚ өкілдері Алакөл мен Балқаш жағалауында болып, туризм нысандарын – шипажай, демалыс орындарын аралайды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – облыстың туристік келбетін қалыптастыру, жап-жақсы демалыс орындары саналатын Алакөл мен Балқаштың әлеуетін насихаттау, ішкі және сыртқы елдерден келетін туристерді осы жаққа тартуды ұйымдастыру. Жалпы, дәрігерлердің айтуынша, Алакөлдің емдік қасиеті мол. Тіпті көл түбінде ежелгі қала қалған деген аңыз да бар. Тек әлі күнге дейін жарнама жағы кемшін болғандықтан ба, әсіресе, шетелдік туристер бұл аймақтарға аяқ баса бермейді. Жергілікті билік мұны жолдың нашарлығынан, көлдің ірі қалалардан тым жырақта жатқандығымен түсіндіреді. Дегенмен көлдің атағы жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, өткен жылы мұнда 12 мың адам тынықса, биыл келушілер саны 15 мыңнан асады деп жоспарлануда.
Жетісу – туризмнің өлкесі
Последние статьи автора