Зейнетақы жинағын пайдалану: 1 сәуірден бастап не өзгереді

Зейнетақы жинағын пайдалану: 1 сәуірден бастап не өзгереді

Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалана алатын азаматтардың саны 1 сәуірден бастап азаяды

Қазақстанда 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі артады.


Ең төменгі жеткілікті шек деген не

Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алғысы келетін азаматтың шоттағы қаржысы ең төменгі жеткілікті шектен асуы керек. Шекті межеден асқан ақшаның барлығын емделуге немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға (мысалы, пәтер сатып алу немесе үй салу) жұмсауға болады.

Әр жастың өз шегі бар. Ең төменгі жеткілікті шектің мөлшері жыл сайын қайта есептеліп отырады.


1 сәуірден бастап жеткілікті шек қалай өзгереді

Жеткілікті шек 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап артады. Әр жастың шекті межесі төмендегі кестеде көрсетілген:

 

Өтінішті қайда беру керек

Жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын:

  • БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте;
  • БЖЗҚ мобильді қосымшасында;
  • egov.kz электронды үкімет сайты арқылы біле аласыз.

Егер шотта жеткілікті сома жинақталған болса, жинақ ақшасын мерзімінен бұрын алуға алдын ала өтініш беру керек.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ақша жібергісі келетін азамат "Отбасы Банк", "Қазақстан Халық банкі", Altyn Bank, "Банк ЦентрКредит", "Банк Фридом Финанс Казахстан" операторларының бірінің сайты арқылы өтініш беруі керек. Егер ақша емделуге жұмсалса, өтініш "Отбасы банкі" сайты арқылы беріледі.
Оператор өтінішті қарап, БЖЗҚ-ға электронды хабарлама жолдайды. Ал БЖЗҚ алуға болатын соманы тексереді, егер бәрі дұрыс болса, ақшаны операторға жібереді.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста