«Жасыл ауыл»

Елімізде Мемлекет басшысының таза экологиялық технологияға және жаңғыртылған энергетикаға негізделген «жасыл экономикаға» көшу тапсырмасын орындау бойынша алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Павлодар облысындағы Железин ауданының шаруалары да аталмыш игі бастамадан құр алақан емес. Келешекте Астанада «Жасыл квартал» бой көтеретін болса, Железин өлкесінде өзінің «Жасыл ауылы» болмақ.
Железин ауданы «Пахарь» ШҚ жанын­дағы «Жасыл ауыл» облыстың ауыл шаруа­шылығы саласына серпіліс әкелетін агро­қалашық жобасы аясында бой көтермек. Экологиялық технологияға және жаң­ғыртылған энергетикаға негізделген «Жа­сыл ауыл» жобасын жүзеге асыру бойынша железиндік шаруалар күн, жел қуаты технологиясын игеру бойынша алғашқы талпыныстар жасауда. Жаңа жоба аясында өңірдегі С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың энергетика және қаржы-экономикалық факультеттері және ресейлік Челябі университетімен биогаз өндіру бағытында келіссөздер жүргізілуде. Аталмыш жоба іске асса, электр энергиясын үнемдеп, аймақтың экологиялық жағ­дайына нұқсан келтірмеуге септігін тигізбек. Энергия үнемдеу жобасының құны 1 млрд теңгені құрайды.
Ерлан АРЫН, Павлодар облысының әкімі:
– «Пахарь» шаруа қожалығы агро­энергетикалық тұрғыдан дами түспек. Алдағы уақытта аталмыш жобаға қатысты құжаттық жұмыстар жүзеге асырылса, қолдауға әзірміз. Сонымен қатар алдағы уақытта табиғи энергия көздерін игеру технологиясы бойынша бірнеше маманды Германияға жіберу керек. Кейін жүйелі ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру бойынша іс тындырамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста