Жастарды бизнеске бейімдейді

Жастарды бизнеске бейімдейді

Қазақстан кәсіпкерліктің жаһандық апталығына дайындықты бизнес мектепті іске қосу мен жас кәсіпкерлер делегациясын Ливерпульдегі кәсіпкерлердің жаһандық конгресіне жіберуден, сондай-ақ «Жылдың үздік жас кәсіпкері» байқауына әзірліктен бастады.
Осыған орай кеше кәсіпкерліктің жа­һан­дық апталығы (КЖА) қазақстандық өкіл­дігінің баспасөз мәслихаты өтті. Жас­тардың кәсіпкерлігін дамытуға бағыт­тал­­ған  осы  халықаралық бастаманың өкіл­дері мен серіктестері жылдық жоспар жа­йында әңгіме өрбітті. 
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас­қарма мүшесі, басқарушы директоры Ға­бит Лесбеков: «Бүгінгі жағдайда шағын биз­несті, әсіресе жастардың кәсіпкерлігін дамытуға айрықша мән берілуде. Дамыған және дамушы елдерде осы секторға жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындар­дың жалпы әлеуметтік-экономикалық жағ­дайын жақсарту тұрғысынан басты рөл берілген. Сол себепті де «Даму» қоры жас­тар­дың кәсіпкерлігін дамытумен байла­ныс­­ты кез келген бастамаға қолдау көрсе­теді. Мәселен, 2011 жылы Алматыда КЖА ая­сында қордың қолдауымен Жас кәсіп­кер­лердің форумы өткізілді. «Даму» қоры КЖА-ның «Бизнес мектеп» құру бастамасын дер кезіндегі ұсыныс  санайды, өйткені өз кәсібін сәтті жүргізу үшін жастар арнайы кә­сіби-оқытуға зәру», – деп атап көр­сетті.
Ал кәсіпкерліктің жаһандық апта­лы­ғының Қазақстандағы өкілі Павел Кок­ты­шев: «Форум өткізу тәжірибесі мен соның ая­сында жиналған 300-ден астам сауал­на­ма, сондай-ақ жас кәсіпкерлер клу­бы­мен жұмыс бізге жастардың бизнес-білім алуға, еркін қарым-қатынас пен жас кәсіп­кер­лердің сәтті үлгілері мен сенімдерін бекітуге мүдделі екендігін көрсетті. Сон­дықтан біз биыл қарашада мейлінше ауқымды әрі сапалы форум өткіземіз және  сол жерде «Жылдың үздік жас кәсіпкері» сыйлығымен марапаттайтын боламыз. Бұл байқау жаңа қаһармандарды табу үшін қажет», – деді.
Сондай-ақ бизнес мектеп, кәсіпкерлік құлағдарлықты дамыту және бизнес құрудың технологиясын үйретудің  иннова­ция­лық-ағартушылық жобасы іске қо­сылды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста