Жастар еңбек нарығында

Жастар – жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық тобы. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард шамасында. ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды, оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады.
Соңғы 10 жылда санақ қорытындысы бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 919 153 адамға өскен (1999 жылы – 3,78 млн. адам, 2012 жылы – 4,7 млн. адам).
Қазіргі уақытта жастардың «әлеуметтік сатысы» сапалы білім болып табылады. Жалпы, білім деңгейі бойынша: 718 мың жастар жоғары білімге ие (15,9%), 306 мың жастың аяқталмаған жоғары білімі бар (6,8%), 728 мың жастардың білімі – арнайы орта (16,2%).
Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және тағы басқа ірі жобалар іске асырылуда. Жастардың жоғары белсенділігі соңғы сайлау кампанияларында тіркелді. Соңғы 11 жыл ішінде жастар ұйымдарының саны 7 есеге артты, ал жастар саясатын қаржыландыру 7 жыл ішінде 10 есеге өскен.
Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің таралуы жастардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерге жеткілікті түрде дайын емес екендігін көрсетті.
Өзекті проблемалар: жастар ортасындағы есірткінің таралуы (15%), діни экстремизм мен терроризм қаупі (12%). Соңғы мәліметтер бойынша жастар саны артқанымен болжамдық мәліметтерге сүйенсек жастардың саны 2015 жылы 4,52 млн. адамды, 2020 жылы 4,13 млн. адамды құрайтын болады.
Жастар үшін қоғамдық жұмыстар жүйесін дамыту, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру және «Жастардың еңбек биржасын», жұмыспен қамтуға ықпал етудің орталықтарын және еңбек нарығында бейімделу орталықтарын құру жөніндегі әлеуметтік маңызды жобалары іске асырылуда. Жұмыссыз жастарға да кәсіп тауып беру шаруасына белсене кірісу керек.
Негізгі әлеуметтік механизмдердің бірі, жастарды жұмыспен тиімді қамтамасыз ету механизмі мен оның жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Оның тиімді жұмыс істеуіне келесідей шараларды орындағанда қол жеткізу мүмкін:
1) жастардың еңбек нарығы проблемаларының аймақтық ерекшеліктерін шешудегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейту;
2) мемлекеттік бюджет қүралдары мен әлеуметтік бюджеттен тыс корлар есебінен жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі бар аймақтарда әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды басымдылықпен қаржыландыруды жүзеге асыру;
3) индустриялық аудандарда, сонымен бірге шағын және орташа қалаларда, моноэкономикалық құрылымды кенттерде жастардың жаппай жұмыссыз болуының жағымсыз салдарларын барынша азайту;
4) жас қызметкерлердің жаппай жұмыстан шығарылуының алдын алу, жастар үшін экономикалық мақсатқа сай бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын ашу, жаңа прогрессивті өндіріс үшін жас мамандарды қайта даярлаудың озық тәжірибесін жүзеге асыру;
5) жұмысынан айрылған кезде жастарға тиімді колдауды қамтамасыз ету;
6) әлеуметтік қорғау және біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым жасай отырып, ірі «жастар құрылыстарын» үйымдастыру.

Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Ақиқатова Гүлжан Сенбайқызы
1 курс магистранты
«НАРХОЗ» Университеті

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста