Жәрмеңке мақсаты: - Ырыққа көнбейтін бағаны ауыздықтау.

Өткен демалыс күндері Алматы қаласының тұрғындары мен қала қолнақтары арзан, әрі экологиялық жағынан аса сапалы азық-түлік түрлерін сатып алуға мүмкіндік алды. Алматының бас алаңында өткен жәрмеңкеге жетісулық дихандардың азық-түлігі мен жеміс-жидегі жеткізілді. Талдықорғаннан шығып, Алматыға бет алған 280 тонна ауылшаруашылық өнім түрлері тиелген автокөлік керуенін облыс әкімі Амандық Баталовтың өзі бастап барды. Ол жәрмеңкеден Нарынқолдың катобы, Текелінің алмасы, Шеңгелдінің сарымсағы, Бақанастың күріші, Үштөбе мен Айдарлының қарбызы секілді бредке айналған тағам түрлерін алматылықтар түгелдей талап әкеткен.
Күннің салқын, әрі жауын-шашынды болғанына қарамастан, қалалықтар арзан, әрі сапалы азық-түлікті түрлерін сатып алғанға разы болса, ал алыстан жеткен дихандар тауарларының түгелге жуығы сатылып кеткеніне мәз.

Алматы қаласының тұрғыны:

- Бүгінгі жәрмеңке барлығымыздың көңілімізден шығып отыр. Бүгінгідей тауар бағасы күннен күнге қымбаттап жатқан шақта, бұл жәрмеңкенің қарапайым халық үшін пайдасы зор болып тұр. Себебі мұндағы кейбір тауар бағасы қара базардан әлде қайда арзан екені көзге ұрып тұр. Сол себепті мен облыс шаруаларына алғыстан басқа айтарым жоқ.

- Біз бұл жәркеңкені жыл сайын күтеміз. Себебі мұндағы сауда әрі адал, әрі таза жүргізіледі.

- Бүгінгі жәрмеңкеден балғын қойдың да етін мың теңгеге, алманы 150-200 теңгеге, катопты 55-65 теңгеге сатып алуға болатынын ескерсек, мұндай бағаның табысы орта халық үшін пайдасы мол екенін айтпасақ та түсінікті.

Атап өтерлігі, Алматының Бас алаңында өткен жәрмеңкеге келген дихандарға сауда орны тегін беріліп, түрлі алым-салымнан толықтай құтылады.

Сатушы:
- Жәрмеңкеде сауда жасау өзімізге де тиімді. Себебі, алып-сатарлар қой етін менен 800 теңгеге сатып алады да, 1200 теңгеге сатса, ал мен бұл етті килосын 1000 теңгеге бағалап отырмын.

Бұл шара Мемлекет Басшысының тапсырмасымен 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Содан бері еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиялық міндет саналады. Сол себепті болар бұл жәрмеңкені қала әкімі мен облыс басшысы бірге аралап шықты.

Бауыржан Байбек, Алматы қалсының әкімі:
- Сағат таңғы 9 болмай жатып, жәрмеңкеге қала тұрғындары көптеп келеп .лгерді. Біз Амандық Ғаббасұлымен бірге жәрмеңкені толықтай аралап шықтық. Мұндағы азық-түлік бағасы 15-20, кей сауда нүктелерінде 30 пайызға дейін төмен.
Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:
- Осындай жұмыстар бұдан әрі де жалғасатын болады. Алда бұдан да басқа жоспарларымыз, міндеттеріміз бар. Атап айтқанда, біз қаланың жан-жағынан сауда нүктелерін ашуды көздеп отырмыз. Қала басшысымен осы мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатырмыз. Болашақта оны да іске асырамыз деген ойымыз бар.

Алматы маңында азық-түлік белдеуін құру туралы келісімге орай мұндай пайдалы жәрмеңке өткізу, алдағы уақытта да жалғасатын болады. Мамандар өнімнің экологиялық тазалығымен, алып-сатарлардың қолына түспеуін қатаң қадағалаймыз деп отыр. Осылайша ырыққа көнбейтін бағаны ауыздықтау көзделген.

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста