Жаркентке газ келді

Алматы облысы Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласына табиғи газ келді. Қала іргесінен өтіп жатқан «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырынан Жаркентке газ жеткізетін құбыр тартылып, автоматты газ тарату станциясы іске қосылды.

ҚазТрансГаз компаниясы «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырынан жеткізуші құбыр тартып, Жаркент пен оның айналасындағы елді мекендерге және «Қорғас-Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағын жабдықтауға қуаты жететін автоматты газ тарату станциясын салды. Ал жеке инвестор «АПЛ Констракшн» серіктестігі қала мен ауыл ішілік құбырларды салып, тұтынушыларды газға қосу жұмыстарын бастап кетті. Бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің озық үлгісі дейді мамандар.

Соның арқасында Жаркент қаласындағы 40 мыңнан астам тұрғын мен 160-тан астам өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар ең қолайлы отынға қол жеткізбекші. Қыс айларында көк түтінге тұмшаланудан да арылатын болдық дейді тұрғындар.



Алғаш болып табиғи газға қосылғандардың бірі - Абдоллаевтар отбасы. Осыған дейін газды баллонмен тасып, ал қыс мерзімінде үйін жылыту үшін көмір жағудан шаршаған Рахила апай бүгін қатты қуанды. «Құтты болсын» айтып келген ағайынға алғаш рет газ плитасында пісірген бауырсағын да таратып үлгерді.



Рахила Абдоллаева – Жаркент қаласының тұрғыны:
Мен бүгін, әрине, қуаныштымын. Көмірді жағу керек, оның күлін шығару керек. Қонаққа барсаң да алаңдап отырасың, «пеш қалай болды екен», деп. Енді газ келді, рахат болды. Көмір жақпайтын болдық. Газбен бірге тазалық келді. Бұрын пештің айналасы күл алғанда шаң болып, шаң жұтып отыратынбыз. Ол қиындық енді артта қалды. Тек амандық тілеймін. Барлығына осыны тілеймін.

Шәріпхан Тұрғанов, Жаркент қаласының құрметті тұрғыны:
Газ келген жерде береке, бірлік келеді. Оған ырыс келеді. Отбасымызға қуаныш келеді. Үйдегі қыз-келіншектерге бұл нағыз, қуаныш деп ойлаймын. Ұзақ күткен дүние бүгінгі жұма күні жүзеге асқаны өте қуантып отыр өзімді. Былтырғы күзден бері күздің суығы мен қыстың қақаған аязында газ қызметкерлерінің аянбай жұмыс істегенін көрдік. Рахмет сол балаларға.

Ермек Нұрахметов – Жаркент қаласының әкімі:
Жаркент қаласында 10 мыңға жуық үй бар. Қыс мезгілінде көбісі көмір жағады. Сол кезде, әсіресе, жел жоқ күндері қаламыз түтінге тұншығып қалатын. Газдың келгенін асыға күттік. Өйткені, үйлерге газ берілген соң, экологиямыз жақсарады, ауа тазарады. Қаладағы шағын және орта бизнеске жаңадан серпін беріледі. Ең бастысы, тұрғындардың тұрмысы жеңілдейді деп ойлаймын.

Шалқар Омарбеков, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының директоры:
6-7 айдың көлемінде осы газ құбыры Жаркент қаласына дейін жеткізілді. Қалаға газ келді дегеніміз, жақын маңдағы ауылдарға да газ құбыры тартыла бастайды деген сөз. Бұл жергілікті жердегі бизнестің дамуына ықпал етеді. Келесі кезекте Еңбекшіқазақ, Шелек аудандарына да газ беру жоспары тұр.



Газ саласының ардагері, республикалық ардагерлер Кеңесінің Алматы филиалының директоры Сұлтанғали Имажанов былай деп атап өтті: «Газдың келуін талай жыл күткен қарттар мен қыз-келіншектердің қуанышты жүздерін көру қуантарлық жәйт. Бұл дегеніміз азаматтардың әлеуметтік көңіл- күйлерін көтереді. Жалпы алғанда, ҚазТрансГаз тарапынан облыстарды газдандыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығын көрсетеді. Оған Жаркент мысал болмақ, ол еліміздің батысында шығатын газ жеткізілген ең шалғай елді мекен. Газдың келуімен ауданның дамуына жаңа серпін беріледі. Осы жоба өнеркәсіпті дамытып, жаңа жұмыс орындарын да құруға ықпал ететіні сөзсіз».  

Жыл соңына дейін көгілдір отынның шарапатын көретіндердің қатары артып, маңайдағы Үшарал, Шолақай елді-мекендерге де газ құбыры жүргізілмекші. Газдандырудың Бас сызбасына сай келешекте Алматы облысының 900 мыңдай тұрғыны бар 228 елді-мекенін көгілдір отынмен қамту жоспарланған.

Алаш айнасы


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста