Жанармайдың тапшылығына да, қымбаттауына да Ресей ықпал етіп отыр

Ресей 2015 жылы жанар-жағармайға салынатын акциз салығын өсіруді ойластырып отыр. Көрші елдің ойынша жанар-жағармайдың 1 литріне салынатын акциз салығын 1 рубльге өсуі керек. Ал сарапшылар «салықтың түрін бұлайша өсіру Ресейде жанар-жағармайдың 15 пайызға дейін қымбаттауына апарып соқтырады» деп отыр.
Жалпы, қазірде, ұлттық валютасы күн сайын құнсызданып, оған әлемдегі мұнай бағасының күрт төмендеуі қоса қосылып, енді бір жағынан Еуроодақ санкциясы қыспаққа алып Ресейдің экономикасы екі иінінен дем алып тұр. Мысалы, кешелі бері Ресей рубльі бұрын-соңды болмаған деңгейге төмендеп бір доллардың құны 45 рубльге дейін маңайлады. Ресейдің орталық банкі рубльді қолдау үшін қаншалықты тырысқанымен рубль осылайша күн сайын құнын жоғалтып жатыр. Әлемдегі мұнай бағасы да кері кетіп, тек Ресейді ғана емес, мұнай өңдеуші біраз елдердің есін алуда. Бұл аздай кеше ғана Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге Еуропа тарапынан салынған санкиялардың өз күшінде қалатынын, Еуропаның әзірге санкциялар тізгінін босата қоймайтынын жария етті. Міне, осылай жан-жақтан экономикасы ауыр соққы алып жатқан Ресейдің қазірде әр саласынан там-тұмдап болсын пайда табуды көздеп отырғаны даусыз.
Мәселен, өткен айда Ресей алыс-беріс сауда барысында салынатын қосымша құн салығын өсірді. Бұдан соң Ресейде жылжымайтын мүлік салығы да өсті. Қазірде ресейлік бай-манаптарға алып үйлерде тұрудың өзі үлкен қауіпке айналды. Себебі, алып үйлердің салығы да алып сомаға айналып кетті. Ресей банктері тұтынушылардан алынатын әр қилы комиссия түрлерін көбейте бастады. Мұның алдында ғана арақ-шарап өнімдеріне акциздік салықты өсірген Ресей, ендігі кезекте жанар-жағармайға акциздік төлемді өсіруге ниеттеніп отыр. Ал енді бұл өзінен-өзі Ресейде жанар-жағармайдың қымбаттауына апаратын құбылыс. Себебі тұтынатын және тұтыну қызметіне салынатын бұл салық түрі өскен бетте оны өндірушілердің де қарап қалмасы анық. Ендігі кезекте өндірушілер ел бюджетіне қомақты салық төлеп отырғанын желеу етіп өнімдерін өзінен-өзі қымбаттата бастайды. Мұның арты Ресеймен көрші және сауда-әріптестік қатынас орнатушы басты ел ретінде Қазақстанға да кері әсерін тигізері анық. «Алаш айнасына» ойын білдірген сарапшыларымыз да бұл пікірімізді жоққа шығармайды. «Егер Жаңа жылдан бастап Ресей жанармайға акциздік салықты өсірсе, бұл – өнімнің қымбаттауына апарады. Ал ішкі нарықтағы жанар-жағармайдың 40-50 пайызын Ресейден алып отырған Қазақстан үшін бұл оңайға соқпайды» дейді мамандар.
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
– Жалпы, біздегі жанармайдың тапшылығына да, қымбататуына да Ресейдің ықпал етіп отырғанын жасырып қажеті жоқ. Негізінде нарық заңдылығы бойынша қазір жанар-жағармайдың қымбаттауына еш негіз болмауы тиіс. Себебі әлемде мұнай бағасы түсіп жатыр. Демек мұнай өнімдерінің де бағасы арзан болуы керек еді. Бірақ бізде керісінше құбылыс орын алуда. Мұнайдың бағасы түскенмен, одан өндірілетін өнім түрі тым қымбаттап кетті. Тіпті болжам бойынша одан әрі қымбаттауы да мүмкін. Бұған себеп: бізге Ресей арзан жанар-жағармай беріп отырған жоқ. Мұнайдан түсетін түсімі азайғаннан кейін Ресей қазір басқаша тәсілдерді ойлап табуға кірісті. Сондықтан Ресей өзінен жанар-жағармай алатын елдерге жанармайды қымбатқа сатып отыр. Мысалы, бізде ел көп тұтынатын АИ-92 128 теңге болса, ол өнімді Ресей бізге қазірдің өзінде 160 теңгеден сатып отыр. Дизель отынының жағдайы да сондай. Бізде 115 теңгеден сатамыз, ал бұл өнім Ресейде 170 теңгенің айналасында. Қазір елдегі жанармай тасымалдаушы ірі компания саналатын «Қазмұнайгаз» ішкі нарықтағы тапшылықты болдырмау мақсатында шығын көріп отырса да Ресейдің жанармайын қымбат бағаға тонналап сатып алуға мәжбүр болып отыр. Қазір Үкімет Түркменстан мен Әзірбайжаннан жанармай сұрап отыр. Мұның өзі уақытша әрекет. Біздің жанармайды ең мол тасымалдайтын еліміз Ресей. Ал Ресейден өнім тасымалдаудың тиімсіз бола бастағанын, қымбатшылық пен тапшылық орын алатынын уақыт көрсетіп отыр. Сондықтан болашақта біз сауатты әрі нақты шешімдер қабылдамасақ, өнім өндірушілер мен тасымалдаушылар тығырыққа тіреледі. Ал мұның соңы өнім бағасының қымбаттайтынын өзінен-өзі көрсетуде. Егер Ресей акциздік салықты өсіретін болса онда біздегі баға да өседі. Себебі қазір Қазақстанның арақ-шарап өнімін Ресей акциздік салығы төмен деп еліне енгізбей отыр. Жанар-жағармайға қатысты да тура осындай жайттар орын алады. Ертең Ресей бізге қымбат өнімін тықпалайды. Бұдан барып түсімді ақтау үшін біздің елдегілер де бағаны өсіреді. Айналып келгенде тағы қымбатшылық орын алады. Бұл «жыл соңына таман жанармай бағамы 180 теңге болады» деген болжамды нақтылай түседі.
Жаңабай Алдабергенов, экономист-сарапшы:
– Егер Ресей акциз салығының 1 литрін 1 рубльге қымбаттатар болса, онда бізде де қымбатшылық орын алады. Елге жанармай жеткізушілер қымбат салық төлеп, қымбат өнім алып бізге әкеліп арзанға сатпайтыны белгілі. Біз жанармайға қатысты нарықтағы өнім тапшылығының 40-50 пайызын Ресей арқылы толықтырып отырмыз. Есептеп көрсек, жылына Ресейден елдегі ең ірі деген Павлодар мұнай өңдеу зауытына 6 млн тонна мұнай, 1,5 млн тонна мұнай өнімдері тасымалданады. Осы уақытқа дейін Ресей өнімдері елге бұлайша молынан енсе де, отандық нарықтағы жанармай бағасы жыл сайын өсім беріп келді. Ал енді Ресей жанармай тапшылығын көріп, өз еліндегі жанармай өндірушілері абдырап жатқан тұста бізді арзан жанармаймен жарылқай қоймасы тағы анық. Негізінен қазір елдегі жанар-жағармай тапшылығы ірі зауыттарымыз – Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары толыққанды модернизациялау ісіне көшкенде ғана жойылатыны айтылып жүр. Ал бұл ірі зауыттардың нақты модернизациялау жүйесін меңгеретін тұсы 2019-2020 жылдардың аралығын қамтиды. Сондықтан бізге әлі де бұл салада біраз қиындықтарды меңгеруге тура келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста