Жанармай қымбаттаса да Ресей мен Өзбекстанға көлеңкелі экспорт тоқтамаған

Жанармай қымбаттаса да Ресей мен Өзбекстанға көлеңкелі экспорт тоқтамаған

Жыл сайынғы практика бойынша, егін саларда баға біраз төмендейді. Өйткені күз бен көктем аралығында бізде дизельдік отын тұтыну көлемі төмен болады. Ал жаз мен күз айларында көтеріледі. Себебі егін жинаушыларға шамамен 400 мың тоннадан астам отын жеткізу керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма басшысы Ерлан Жаукиннің айтуынша, бұл ел бойынша өндірілетін бүкіл дизельдің шамамен 30%-ын алады.

 

Ал тапшылықтың басты себебі, транзиттік жүк тасымалдары болып отыр. Мәселен, оның айтуына қарағанда, шілде мен қыркүйекті қоса алғанда, осы аралықта халықаралық жүк тасымалы артады. Әсіресе, Өзбекстан мен Қырғызстаннан Ресейге қарай бет алған жүк көліктері көбейеді.

 

Өзбекстанда дизель бағасы 500 теңге шамасында болса, бізде 295 теңгеден сатылады. Сол үшін олар Сарыағашта толтырып құйып алады. Сосын Ресейге кірер тұста тағы да Қазақстан аумағында толтыра құяды. Сөйтіп ол Мәскеуге дейін барып, кері қайтуға толық жеткілікті болады, – дейді ол.

 

Осы көктем-күз мезгілдеріндегі тапшылықты енді болдырмас үшін «ҚазМұнайГаз» 150 мың тонна импорттаған. Енді баға көтерілгеннен кейін тұтыну көлемі азайған. Әсіресе, Ресеймен шектесетін өңірлерде көлеңкелі экспорт та кеміген. Оның үстіне, ірі жанармай құю желілері де сауданың 15-20% кемігенін растап отыр.

 

Сөйтіп, биылғы егін жинау науқанына шамамен 420 мың тонна көлемінде кіргелі отыр. Оның 360 мыңы мұнай базаларында болса, 60 мың тоннасы зауыттарда немесе жолда бара жатыр. Оған қоса, Павлодар мұнай-химия зауыты да өндіріс қуатына жетті. Сондықтан алдағы егін жинау кезеңіне дайынбыз деуге болады, – дейді Ерлан Жаукин.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста