Жаңа компрессорлық станция әлеуеті – экономиканы қуаттандырады

Жаңа компрессорлық станция әлеуеті – экономиканы қуаттандырады

Жамбыл облысында ел тәуелсіздігі күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының жаңа №3 (КС-3) компрессорлық станциясын пайдалануға берді. Сөйтіп, «Қазақстан-Қытай» газ құбыры жаңа компрессорлық станция есебінен қуатын ұлғайтты. Нысан облыс орталығы Тараз қаласының іргесіндегі «Айша бибі» елді мекені маңында орналасқан. Ал, бұл магистральдық газ құбырының «С» тармағының жоспарланған 8 станциясының бірі болып табылады. Станция жұмысы «ҚазТрансГаз» АҚ Астанада орналасқан диспетчерлік орталығынан онлайн режимде бастау алды. Аталған салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы басқарма төрағасы С.Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы атқарушы вице-президенті Қ.Шәріпбаев қатысты.

Бұл шараны әулиеата жұртшылығы – халықаралық мега жоба ретінде жылы қолдады. Өйткені, ел экономикасының қарқынды дамуына сүбелі үлес қоспақ. Аймақтағы жүзге тарта шаңырақ, ірі де, іргелі кәсіпорындарға шарапаты тиер шараның тиімділігі де мол болмақ. Алғашқы сөз кезегін алған Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев осы баянды бастаманың өңірде жалғасын табатындығын да тілге тиек етті.

Кәрім Нәсбекұлының айтуынша, басқа да газ тасымалдау объектілері сияқты компрессорлық станцияны іске қосу, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні облыста 377 елді мекеннің 181-і газдандырылған, - дейді Кәрім Көкірекбаев. – Осындай ірі газ тасымалдау жобаларын іске асыру есебінен 2020 жылға дейін тағы да 147 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. Яғни газбен қамтылған елді мекендер өңір бойынша 87 пайызға жетпек. Сонымен қатар бұл бюджетке қосымша түсімдер, қосымша жұмыс орындары. Тек қана біздің облысқа осы құбыр жобасынан салық түрінде 500 млн теңге түсіп отыр. Сондықтан да біз, елдің игілігі үшін жұмыс жасап жатқан газ мамандарына шынайы ризалық білдіреміз» деп атап өтті салтанатты шара барысында.

Онлайн режимде өткен бұл шарада Астана төрінен сөз алған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ы басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев та жамбылдықтарға ыстық лебізін жеткізді. Оның пікірінше, 9 жыл ішінде «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырында 11 компрессорлық станция тұрғызылды, екеуін келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бізге жылына газдың 55 млрд. текше метр жалпы қуатына шығуға мүмкіндік береді. Осы 9 жыл ішінде, толық қуатына шықпағанның өзінде, 200 млрд текше метр Орталық Азия елдерінің газы осы құбыр арқылы тасымалданды. Биылғы қысқы кезеңде, біз қазақстандық газдың 2 - 2,5 млрд текше метрінҚытайға экспорттауды жоспарлап отырмыз. Жалпы Қытайға 5 млрд теше метр газ экспортталатын болады. «Әрине, мұның барлығы үлкен еңбек. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!» - деді Сауат Мұхаметбайұлы.

Станция құрылысы 2014 жылдың қаңтар айында басталды. Жалпы ауданы 6 гектар жерді алып жатыр. Құрылысқа 1000-нан астам адам және 200-ден астам түрлі машиналар мен механизмдер жұмылдырылды. Rolls Royce агрегаттары сағатына 2,4 млн текшеметр газ айдауға қауқарлы.

Пайдалану және қызмет көрсету үшін 120 адамға арналған вахталық кент салынды. Бүгінде 115 қызметкер жұмысқа орналасып, оларға барлық жағдай жасалған.

Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақта көліктің-логистика саласын дамытудың жаңа қадамы деуге болады.

КС-3 «Орталық Азия-Қытай» трансұлттық жобасының құрамдас бөлігі болып табылады. Газ инфрақұрылымының жаңа объектісі газ құбырының «С» тармағының өнімділігін арттыруға және жылына 25 млрд. текше метрге дейін газ тасымалдау көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді және газды үздіксіз тасымалдау процесінің барынша тиімділігін қамтамасыз етеді.

Мамандардың берген мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың желтоқсан айына дейін, «Қазақстан-Қытай» магистралдық газ құбырының «А, В және С» тармақтарындағы құрылыс жұмыстарына 15 мыңнан астам адам тартылған. Тұрақты 1113 жұмыс орны ашылған. Олардың 90% жергілікті тұрғындар екен.

Арсен БАЙЗАҚ, журналист

Жамбыл облысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста