Жамбыл облысы Талас ауданында жалпы құны 7,6 миллион теңге болатын коммуналдық мүлікті заңсыз жекешелендіру фактісі анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Оrda.kz тілшісі аудан прокуратурасына сілтеме жасап жазды.
2022 жылы Талас облысы әкімдігінің қаржы бөлімі 106 шаршы метр болатын қонақ үй ғимаратын сауда-саттықсыз 3,8 миллион теңгеге сатып жіберген.
Аталған рәсім мемлекеттік мүлік туралы заңнама талаптарына қайшы жүргізілді.
Аудандық прокуратураның араласуынан кейін қонақүй мен жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен басқарма басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.