Жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасы белгіленді
Жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасы белгіленді. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламамен 3 компания жұмыс атқарады. Олар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Қазақстан ипотекалық компаниясы» және «Самұрық-Қазынаның» тұрғын үй қоры.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бұдан былай жалдамалы пәтерлерді жас отбасына арналған бағдарламамен беретін болады. Биыл Астана қаласы бойынша 382 ,ал Алматы қаласында 594 пәтер қолданысқа берілмек. "Қазақстан ипотекалық компаниясы" тек әкімдікте кезекте тұрған мұқтаж жандарға сатып алу құқымен жалға береді. Компания ірі қалалар мен облыс-аудан орталықтарының барлығын қосқанда 326 мың шаршы метр үй салмақ. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік үй қоры белгілі бір қалада баспанасы жоқ кез келген адамға сататын болады.
almaty.tv