Жайылымдық жерлер жойылып барады

«Кіндігімнің жас қаны тамған жері – ауылым...» Осы бір әсем әнді естіген сәтте бала кездегі бал дәурен балалық шақпен бірге сағымдай болып бұлдырай қалған ауылды, қыр төсіндегі көк майсалы жасыл шалғынды, жайылымда бейқам өрген отар-отар қой мен үйір-үйір жылқыны көз алдымызға елестететініміз рас. Бірақ бүгінгі күнде осы бір табиғи әдемі үйлесімнің шырқы бұзылып, жайылым жерлеріміздің жылдан-жылға тарылып, құнарлылығы кеміп келе жатқандығы қынжылтады...
Мал жайылымдарының талапқа сай келмеуі, тіпті кей жерлердің тозып, қу та­қырға айнала бастауы мемлекеттік маңызы бар мәселелердің жүзеге асырылуына айтарлықтай кері әсер етіп жатқандығын мамандардың өзі растап отыр. Жыл өткен сайын топырақ қыртысының құнар­сыз­дануы мен оны қалыпқа келтіру жолдары ұдайы айтылып келеді. Алайда нақты іске келгенде нәтиже шамалы.
Жомарт НҮРКЕНОВ, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:
– Мал шаруашылығын дамыту, жайы­лымдардың жағдайын қалыпқа келтіру бүгінгі күні біз үшін аса өткір мәселе болып қалуда. Өйткені ауыл шаруашылығында қызмет ететін шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірлі-жарымы болмаса, жайылым жер­лерге мүлде егу жұмыстарын жүргізбеген. Дәл қазір Ақмола облысындағы барлық жайылым жерлердің көлемі 6743 гектарды құрайды. Ал ондағы сулан­дыру жүйе­сінің жартысынан астамы жөндеуді қажет етеді. Сондықтан мал жайы­лымдарының бүгінгі жай-күйі, өкінішке орай, алаңдатарлық жағдайда қалып отыр.

Жанатай ӘЛІМБЕРГЕНОВ, малшы:
– Кез келген ауылда мал жайы­лым­дары кеміп барады. Тіпті мал жаятын жер қалмай барады десем де қате­леспеген болар едім. Егін егетін ірі шар­уашылықтар ауыл маңындағы барлық жайылым мен шабындық жерлерді жыртып тастаған. Сондықтан жұрт малға шауып алар шабындық таппай қиналады. Осының кесірінен қара­пайым ауыл халқы мал басын кемітуге мәжбүр. Мәселен, осыдан бес-алты жыл бұрын біздің ауылдың өзінде 2500 мың гектар тек жайылым жер болса, қазір сол аумақтың 300 гектарға жетер-жетпес бөлігі ғана мал жайылымына жарамды. Осылай жал­ғаса берсе, ал­дағы күнде мал жаятын жер қалмай қала ма деген қауіп бар...

Жайылым жерлердің тозуының басты себебі шаруа қожалықтары мен жауап­кершілігі шектеулі серіктестіктердің бұл жағдайға көңіл бөлмеуінен десек, қате­леспейміз. Себебі, мамандардың пікірін­ше, қазіргі күнде жайылым жердің тозуын тоқ­тататын жаңа технология жоқтың қасы. Яғни екпе шөптің егілуі мен топырақты құнарландыру жұмыстарының сапасы сын көтермейді. Ресми статистикалық дерек­терге қарасақ, еліміз бойынша 188 мил­лион гектар жердің тек 70 миллионы ғана мал жайылымына жарамды. Бұл дегеніңіз еліміздегі жайылым жерлердің жар­ты­сынан астамының қолданылуына дұрыс көңіл бөлінбей, бейберекет пайда­лан­ғандығын көрсетеді.
Жексен ЖАРЫЛҒАПОВ, шаруа қожалығының иесі:
– Мал шаруашылығын дамыту жө­нінде жоғарыдан тапсырма кел­генімен, оны орындауға біздің қар­жылай да, материал­дық жағынан да шамамыз келмейді. Егер жайылым жерлерді жырт­пасақ, егін салар орнымыз қал­майды. Бір жағынан екпе шөп егу де мол шығын шығаруды қажет етеді. Ал егін шаруашылығымен жүр­генде екпе шөп егуге мүлде мүмкіндігіміз жет­пейді.

Яғни жерді бейберекет пайдалану жайы­лымның құнарсызданып, оның жойылуына әкеліп соғуда. Статистикалық есептерге жүгінсек, елімізде 26,4 миллион гектар жайылым жер тозуға айналған.    
Жанат ТАСЫҒОЖИН, агроном:
– Жерді пайдалану және сақтауда ата-бабамыздың қолданып келген техно­логиясынан артық ешқандай жүйе жоқ деген пікірдемін. Қазір кез келген шар­уашылық мал бақ­қанда жыл сайын бір жайылымды айнал­дырып жүре береді. Қаншалықты шөбі шүйгін, суы мол болғанымен, күнде таптай берсең, ол жердің де шаңы аспанға көтері­леді емес пе?

Бұл бүгінгі ауыл шаруашылығында тір­лік жасаған кәсіпкерлер үшін жаңалық болмағанымен, олардың бәрі болмаса да бірталайы бірден баюды көздейтіні анық. Сондықтан жердің құнарлылығын арттыру ісі олар үшін тиімсіз екені белгілі.
Мамандардың пікіріне жүгінсек, жайы­лым жерлердің жағдайы алаң­даушылық туғызады. Сондықтан еліміздегі бұл мәселе одан сайын ушықпас үшін бүгіннен бастап іске кірісу қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста