Зайсанға газ келді

Зайсан жұрты ғана емес, бүкіл Шығыс Қазақстан халқы бұл күнді тағатсыздана күтіп еді. Арман орындалды. Зайсанға көптен күткен көгілдір газ келді. Жай ғана берілген жоқ, Зайсан газы мәртебелі қонақтардың қатысуымен салтанатты түрде жұртшылыққа жол тартты. Әуелі Зайсан қаласының орталығындағы алаңда от жағу рәсімі өтті. 
Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, мұ­най және газ вице-министрі Мағзұм Мыр­зағалиев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ғалым Ай­до­сов арнайы қатысты.
Зайсан жұртын көптен күткен қуаныш­тарымен ең әуелі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.
– Егемендіктің арқасында еліміздің экономикасы дамып, халықтың әл-ауқаты арта түсуде. Соның бір айғағы – сонау кеңес үкіметі кезінде пайдаланылмаған газ қорын бүгін, міне, жұрттың игілігіне жаратып бастадық. Бұл – үлкен жетістік. Осы жетіс­тік­ке қол жеткізу үшін алты жылдың ішінде 39 млрд теңге қаржы жұмсалды. Нәтиже­сінде ең бірінші болып Зайсан қаласына газ берілді. Келесі жылы көгілдір отын газ құбырының бойында орналасқан тоғыз ауылға жеткізіледі. Сондай-ақ елу пайыздық үлесімізді алсақ (шамамен 250 млн текше метр газ), оны игеруіміз керек. Сондықтан келешекте мүмкіндігімізге қарай іргелес жатқан Күршім, Тарбағатай, Көкпекті, Жарма секілді аудандар мен Өске­мен қаласын да газдандырып, бір­қатар газ толтыру стансыларын салсақ де­ген арман-мақсатымыз бар. Ендігі жұ­мыс осы бағытта жалғасады, – деді Берді­бек Сапарбаев от жағу салтанатында сөй­ле­ген сөзінде.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР мұнай және газ вице-министрі:
– Зайсан өңірінде газ өндіретін кен орнының ашылуы бұрын қатты отынды жағып келе жатқан ауданның жұртын экологиялық жағынан таза, экономикалық жағынан тиімді көгілдір отынмен қамтуға жол ашады. Бұл халықтың жылу шығын­дарын азайтып қана қоймай, сонымен қоса бюджетке түсетін салық төлемдерін артты­рады. Шағын және орта кәсіпкерлікті да­мытуға, қосымша жұмыс орындарын ашу­ға зор үлес қосады.

Аудан орталығында тұратын 20-дан астам немере, 10-нан артық шөбере сүйіп отырған Батыр ана Күләш Файзрах­мано­ва­ның шаңырағы шаћарға келген та­биғи газдың алғашқы тұтынушысы атанды.
– Қуанышымызда шек жоқ. Үйді де газ­бен жылытып, тамақты да соған пісіре­міз. Бұрынғыдай күйелеш-күйелеш болып от жағып, күл шығармаймыз. Қысқа деп отын дайындамаймыз. Бағасы қымбат емес дейді. Көмірді сатып алуға кететін ақшаға бір қыста газ жағып шығуға бола­тын көрінеді. Осылай елге жақсылық істеп, шал­ғайдағы ауылдардың қамын ойлап жат­қан әуелі Президентімізге, сосын аймақтың басшысына көп рақмет, – дейді қуанышы қойнына сыймаған Күләш Файзрахманова.
Жақын уақытта тоғыз елді мекен көгілдір отынмен қамтылады
Бұл күні мәртебелі қонақтар Зайсан қаласының шетінде орналасқан автоматты газ тарату стансысына тоқтап, жаңа ны­сан­­ның жұмысымен танысты. «Тарбағатай мұнай» ЖШС-нің бас менеджері Жеңіс Жал­ғасов­тың айтуынша, алдағы уақытта аудан орталығынан бөлек, Қарабұлақ, Кең­сай, Қайнар, Жамбыл, Дайыр секілді тоғыз елді мекенге көгілдір отын тартыл­мақ. Осылардың барлығын қосқанда жыл­дық тұтыну мөлшері 30 млн текше метрді құрай­ды екен. Бұл аса көп емес, сондықтан таби­ғи байлықты мақсатты игеру үшін келе­шекте тұтынушылардың аумағын ке­ңей­те түсу керек.
Ғалым Айдосов, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары:
– Сарыбұлақ кен орнынан өндіріп жат­қан газымыздың сапасы өте жоғары, жануы жақсы. Қазіргі уақытта Зайсан қала­сын­да 470 тұрғын үйге газ құбырлары тар­ты­лып, қондырғылар орнатылған. Бүгіннен бас­тап осы үйлерге көгілдір отын беріледі. Соны­мен қатар келесі жылы тағы 1100 үйді газбен қамту жоспарда бар.

Осыған дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» ком­паниясының инвестициялық бағдар­лама­сының бірінші кезеңін іске асыру аясын­да жылына 15 млн текше метр газ өт­кізетін орта және төменгі қысымдағы 18,4 шақырым қалаішілік, сондай-ақ квар­тал ішіндегі газ тарату құбырлары са­лын­ған. Зайсандағы 470 тұрғын үйдің жүйе­л­ері толық дайындалып, 10 үй мен М.Әуез­ов атындағы орта мектептің жы­лыту қазандығы газды қабылдау үшін тех­ни­калық шарттылық берілген. Айта ке­тейік, бұл жоба қазақстандық және қытай­лық инвесторлардың бірлескен кәсіп­ор­ны «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС салған жал­пы ұзындығы 82,5 шақырым болатын «Сары­бұлақ-Майқапшағай» магистральды құбырдың іске қосылуымен орындалып отыр. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәй­кес елді мекендерге дейінгі құбырлар­д­ы «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС тартса, ауыл­дар­дың ішіндегі тарату жүйелерінің құры­лысын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзе­ге асыруда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста