Жаһандану байлықпен қатар теңсіздіктің өсуімен ерекшеленді

Жаһандану байлықпен қатар теңсіздіктің өсуімен ерекшеленді

Адамзат даму тарихында көптеген ұлы эпизодтар экономикалық теңсіздік тудырды. Ұлыбританияда XVIII-XIX ғғ. басталған өндірістік революция экономикалық өсудің бастамасы болды. Миллиондаған адамдар материалдық жетіспеушіліктен, кедейліктен құтылды. Британияның, Солтүстік батыс Еуропаның және Солтүстік Американың өзге әлемнен ажырап бөлінуі қазіргі күнге дейін сақталған батыс пен өзге әлем арасында үлкен айырмашылық тудырды. Бұл тарихшылардың айтуынша өндірістік революцияның «Ұлы сәйкессіздік» деп атаған кері жағы болды. 

Бірақ өндірістік революцияға дейін әлем дамымай, кедейлікте өмір сүрді деп айтуға болмайды. Қытай адмиралы Чжон Хэ бастаған үлкен кемелерден тұратын флоттарды зерттеулер жүргізу мақсатында Үнді мұхитына жіберді. Осы оқиғадан 300 жыл бұрын Кайфа қаласы миллиондаған тұрғыны бар, аспаны өндірістің түтініне оранған үлкен мегополис ретінде дамып, миллиондаған тиражбен қарапайым адамдарға қол жетімді кітаптар шығарылып жатты.

Дамудың осындай деңгейін ұстап тұру тек Қытайдан басқа елдердің қолынан келмеді. 1127 жылы Кайфа қаласы Манчжурия тайпаларының әскери әрекеттерінің құрбаны болды. Азияда ашкөз басшылардың әрекетінен экономикалық даму бірнеше рет қайта құлдырады. Соңғы 250 жылда әлемнің әр бұрышындағы елдердің ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық өсуі мемлекеттер арасында азаймайтын теңсіздікке әкелді. Экономикалық өсім әлемдік масштабта табыс теңсіздігінің қозғаушы күші болды.
Бір елдің дамуы басқа бір елдің арқасында болған жағдайлар да тарихта кездеседі. XVI-XVII ғғ. Британия империясында болған өндірістік революция Англия мен Голландияға зор пайдасын тигізді. 1750 жылы Лондон мен Амстердамдағы жұмысшылардың жалақысы Дели, Пекин, Валенсия және Флоренция қалаларымен салыстырғанда қарқынды өсті. Жаулап алу саясатының құрбандары Азия, Латын Америка және Кариб теңізі елдері жүз жылдық кедейлік пен теңсіздікті бастарынан өткізді.
Кедей елдер санатында болған Қытай, Үндістан, Корея, Тайвань жаһанданудың арқасында қазір дамыған елдер және өз заманындағы даму қарқынынан да жоғары жылдамдықпен өркендеді. Африкадағы кедей елдерді артта қалдырып жаңа теңсіздіктің шарттарын туғызды. Жаһандану дамыған елдердің байлығын арттырғанымен олардың даму қарқыны азайды, тұрғын халық арасындағы теңсіздікті ұлғайта түсті.
Теңсіздік прогресстің қызметшісі. Ұлттық табыстың өсу қарқыны, теңсіздіктің қалай таралатыны жайлы ешқандай мәлімет бермейді. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі ширек ғасырда АҚШ-та орын алған жағдай сияқты, «әл-ауқат» халық арасында кең көлемде тарала ма аз ғана байлардың уысында кете ме?

Ләззат Сейтқазықызы СПАНҚҰЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы, профессор
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста