Халық табысы және экономикалық теңсіздік

Теңсіздік пен экономикалық дамудың арасындағы байланысқа алғашқы көңіл аударған америкалық экономист С.Кузнец болды. Ол экономикалық өсу алғашқы кезде теңсіздіктің ұлғаюына, ал одан кейін оның азаюына әкеледі. Бұл тәуелділік Кузнец қисығы немесе кері U-қисық деп аталды.
Соңғы 50 жылда осы тәуелділікті растау үшін көптеген талпыныстар жасалды. Дегенмен, ол түсініксіз болып қалды, өйткені, әр түрлі зерттеулер тіптен қарама-қарсы нәтижелер көрсетеді. Мысалы, Ф.Паукерт және М.Ахлувалия дамушы елдер үшін С.Кузнецтіңкері U-қисығының бар екеніне растау тапты. Бұл уақытта көптеген заманауи зертеулер экономикалық дамудың кірістер бөлуіне әсерді таппады.
М. Рэвальон және С. Чен, 67 дамушы елдерде және 1981 жылдан бастап, 1994 жылға дейінгі кезеңде өтпелі экономикалы елдерде үй шаруашылығын зерттеуді талдай отырып, экономикалық өсу мен теңсіздіктегі өзгерістер арасында маңызды теріс корреляцияны тапты. Өтпелі кезеңнің алғашқы 8 жылында өтпелі экономикалы 14 ел үшін осыған ұқсас нәтижеге М. Кин және Э. Прасад қол жеткізді.
Экономикалық өсу мен теңсіздік динамикасы арасында теріс байланыс механизмі қандай болмақшы? Шапшаң экономикалық өсу жұмыс күшіне сұранысты арттырады. Жұмыссыздық күйден жұмысқа немесе ішінара жұмыспен қамтылудан толық қамтылатын жұмыс күніне өту бөлудің төменгі сатысында болатындарға айтарлықтай кірісті ынталандырады және ортақ теңсіздікті азайтады. Екінші ықтималды түсіндіру жанама сипатқа ие. Шапшаң экономикалық өсуі бар қоғам байырақ болады, осы қосымша ресурстар теориялық тұрғыда кедейлер пайдасына қайта бөлінуі мүмкін, бұл теңсіздіктің төмендеуіне әкеледі. Әрине бұл саяси таңдау және экономикалық өсумен автоматты түрде орынға ие болмайды.
Жоғарыда айтылғанға қорытынды жасайық. Қазіргі уақытта Кузнец ұсынған кері U-қисық түрінде экономикалық өсу мен теңсіздік арасында өзара байланыс бар екеніне аса күмән туындады. Теңсіздік экономикалық дамуды қиындатады. Бірақ осы проблема аясында даулар әлі де аяқталмады.

Теңсіздіктің экономикалық өсуге әсер етуі

Бұрындары теңсіздік экономикалық өсуді ынталандырады деп есептеген. Көп жағдайда бұл бастапқы теңсіздік байлардың капитал жинауына қолайлы болады, соның арқасында алдағы экономикалық өрлеуді ынталандырумен түсіндіріледі. Эмпирикалық деректермен расталатын қазіргі уақытта бекітіліп қалған көзқарас бұл теорияны жоққа шығарады: теңсіздіктің азаюы экономикалық өсуге мүмкіндік бере алады.

Кірістегі теңсіздік неліктен экономикалық дамуға зиянын келтіруі мүмкін?
1. Біріншіден, теңсіздік экономикалық өсуге теріс әсерін тигізеді, өйткені жеткілікті қамтамасыз етілмеген адамдар өзінің материалды және адами әлеуетін өсіру мүмкіндігінен айырылады, бұл ұзақ мерзімді келешекте экономикалық өсу үшін теріс салдар әкеледі. Кірістерді бөлуді жетілдіруге бағытталған саясат бір уақытта теңсіздік пен экономикалық өсудің төмендеуіне себепші бола отырып, екі есе пайда әкеле алады.
2. Екіншіден, жоғарғы теңсіздік әлеуметтік-саяси тәртіпсіздікке және тұрақсыздыққа әкеп соғуы мүмкін, осыдан инвестиция деңгейін азайтады, бұл да экономикалық дамуды тежейді.
3. Үшіншіден, қоғамда кірістерді дұрыс бөлмеу экономикалық дамуға теріс «саяси экономикалық» әсер беруі мүмкін. Мысалы, теңсіздіктің жоғары деңгейі бар елдерде «орталық сайлаушы теориясына» сәйкес кірістерді қайта бөлу саласында популистік шараларға бейімділік байқалады. Бұл өз кезегінде салық мөлшерлемесінің көбеюіне әкеледі. Көлемді экспроприация жинауға, күрделі қаржы жұмсалымына және еңбекке деген ынтаны әлсіретеді, саяси ахуалдың шиеленісуіне және қатты қақтығыстарға әкеле алады, бұл экономикалық өсуді бұзады.

Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы,
Сулейменова Гульмира Султанқызы.
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы және технология мектебі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста