Халық емшілігі дәстүрлі медицинаға бәсекелес пе?

Академик Шәкен ШЫНТАЕВ

Біздің қоғамда халық емшілігін көбіне жын-аруақ түсінігімен шектелетін қарадүрсін орта деп есептейтіндер жеткілікті. Дегенмен халықаралық дерек пен дәйектер басқаша «сөйлейді». Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінгі таңда тамыры тереңде жатқан дәстүрлі медицина қызметіне жүгінушілер әлемдегі науқастың 70 пайызын құрайды екен. Мына қызық деректі қараңыз, бүгіндері көрші Қытай үкіметі Алтай қазақтарының халық емшілігін мойындап, оларға арнайы бір орталық салып беріп отыр. Аз ұлттарды мойынтұрықпен шегендейтін қытай­ландыру саясатының ызғары есіп тұрған «қызылдар елінде» мұндай мойындауды ерен ерлікпен теңеуге болады. Міне, жырақ­тағы қандастарымыз мақұлдатқан ата-бабадан тек арқылы мұра болатын осындай халық емшілігі деген бүтін бір қызмет түрінің бүгінгі нарықтық экономикамыздағы қарым-қабілеті қандай, соны бағамдап көрелік...

Медицинадағы байырғы дәстүрдің бүгінгі жалғастығы
Жалпы, бұл ретте заңнама жағынан кенде емеспіз. Посткеңестік мемлекеттер ішінде, халық емшілігі саласы бойынша құқықтық алаң құруда бізден озығы жоқ екен. Тәуелсіздік алған жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі бұл қызмет түрі бастапқыда «дәстүрлі емес медицина» деп танылса, осы ортаға еңбек етіп жүргендердің қызу пікірталасы негі­зінде Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының орталығы Женеваға жолданған хаттан кейін оның атауы өзгеріске ұшы­раған. Нақтырақ айтқанда, 1997 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігімен күнделікті өмірдегіні «қазіргі заманғы медицина», ал халық емшілігін «дәстүрлі медицина» деп атау ресми түрде бекі­тілген.
Аталған нарықты реттеуші заңнама бүгінге дейін төрт мәрте қаралып, төрт рет қабылданыпты. Соңғысының басты ерек­шелігі – емшілерді қатаң сыннан өткізіп, сертификат беру тетігінің енгізілуінде. Денсаулық сақтау министрлігінің халық медицинасы жөніндегі бас маманы, академик Шәкен Шынтаевтың айтуынша, заңдағы осы бап елімізде жаңбырдан кейін қаптап шыққан саңырауқұлақ секілді емші-домшысымақтардың нарықтан аласта­тылуына, ал нақты кәсіби маман­дардың мүмкіндігіне жол ашқан.
– Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев 1997 жылы Қазақстан халқының ден­саулығы туралы заңға қол қойды. Оның ішінде халық емшілігіне қатысты бап та бар. Бұл біз үшін үлкен сый болды. Әсіресе, мемлекет басшысының аталған қызмет түрінің заңдастырылуына ыждағаттылық танытуы, көп мәселемізді шешіп берді. Өйткені ТМД-ның басқа елдерінде мұндай заң қолға алынбады, сала мойындалмады. Дегенмен аталған заңның 64-бабында «Халық медицина­сымен Қазақстанның барлық азаматы айналыса алады, егер оларға ата-баба­сының, табиғаттың, Алла­ның берген, өзінің өмір бақилық тәлім-тәжірибе арқылы ұшталған қасиеті бар болса, ондай жағдайда оның меди­цина­лық білімі бар-жоқтығы маңызды емес» делінді. Содан біздің орталыққа жан-жақтан емші-домшылар қаптап ағыла бастады. Олардың ішінде науқасты қабыл­дауда қазіргі медицина қойған диагноз туралы қағазды оқи алмайтын шала сауаттылар да, емшілігі күмәнділер де болды. Көлеңкелі бизнеске де жол ашылды. Үкіметтің бұл нарықты қадағалау жағы ақсады. Елімізде халық емшілері тарапынан заңды тұлға ретінде жұмыс істеп отырған бірден-бір орталық болғандықтан, біз аталған мәселеге баса назар аударып, халық медицинасын құқықтық басқару жағы бойынша ғылыми ізденістердің негізінде өз ұсыныстарымызды жоғарыға жеткіздік. Олар бізді дұрыс түсінді. Оған негіз де бар. Себебі қазіргі денсаулық сақтау министрі Салидат Зекенқызы 2000 жылдан бері осы ведом­ствода Халық медицина бөлімін басқарған жан. Сондықтан аталған мәселе бұл кісіге жат емес. Ол: «халық медицинасын бір жерге топтастырып, емшілерге бір жерден құжат беру керек», – деді. Осыған бай­ланысты 2009 жылғы Денсаулық кодексінің 54-бабына сәйкес, біздің орталығымызда аккредитациялау орталығы құрылды. Сондай-ақ 2011 жылы 23 қарашада Қа­зақ­стан Үкіметінің «Денсаулық сақтау саласындағы аккредитация тәртібін бекіту туралы» 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 қаулысына сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялау жөніндегі комиссия шешімі бойынша емшілерге сертификат беру қызметі құқығын «ҚР халық және рухани емшілері» мекемесіне берілді,» – дейді «ҚР халық және рухани емшілері» мекемесінің басшысы.
Жоғары білімді дәрігер-емші Нұргүл Өтебаеваның айтуынша, халық емшілігін заңдастырып, оларды құжаттандыру мә­селесі бір ізге қойылғаннан кейін бұл нарықтағы былық-шылық едәуір азайған. Ал арнайы орталық емшілердің меди­циналық білімін жетілдіруде үлкен рөл атқарып отыр.
Халық емшілігінің инновациялық техникасы мен технологиясы да бар
Көбіне, медициналық сауаты болмаған­дықтан, халық емшілері анатомия, физио­логия, патологиядан хабары бола бермейді. Сондықтан бүгіндері осы қызмет түрімен айналысатын орталықта қазіргі дәрігер мамандар да жұмыс істейді. Бұл – арнайы заңмен бекітілген шарт. Олар қажет кезінде емшілерге кеңес беріп, арнаулы оқулар жүргізеді екен.
Орталық жұмысымен таныса келе, біз емшілердің қазіргі дәрігерлерден аса айыр­машылығы жоқ екенін аңғардық. Мұнда қазіргі заманғы медицинадағыдай, ғасыр­лар бойы жоғары деңгейде қол­данылып келген шөппен емдеу (фи­тоте­рапия), үзу (мануальдық терапия), сүлік салу (гирудо­терапия), инемен емдеу (ине салу тера­пиясы), нүктелер арқылы сипалап емдеу (рефлексотерапия), сынықшылар (трав­матологтар) секілді жекелей маманданған емшілер бар. Бұл ерекшеліктер сертификатта айрықша аталып көрсетіледі. Әрі олар осы орта­лықтағы арнаулы мектепте осы заманғы инновациялық технологияны меңгеруге машықтанады. Оған, негізінен, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясындағы дәс­түрлі медицина академиясының жаны­нан ашылған қазақ бөліміне, 2001 жылы Қазақ медицина институты жанынан ашыл­ған шығыс факультетіне дәріс беруге келген шетелдік мамандардың, жыл сайын өткізіліп тұратын халықаралық конферен­циялардағы жаңалықтар мен ғылыми ізденістер мұрын­дық болып отыр. Бұл ұйым шең­берінде қара қытайды мойын­датып отырған Алтай өңіріндегі қазақ­тардың дәстүрлі ем-домымен де тәжірибе алмастырылып оты­рады екен. Әсіресе, бізді халық емшілерінің жекелей емдеу тәсілдері мен ем-домға қолданатын дәрі-дәр­мектерінің, ойлап тапқан құрылғы­ларының патенттеліп, зияткерлік құқы жағынан қорғалуы бізді қуантады.
Мәселен, отандық халық емшілерінің дененің құрыс-тұрысын жазу арқылы емдеуге негізделген арнайы төсектері, биоэнергетикалық аккумулятор, сол секілді өзіндік дайындау тәсілі бар шөп дәрілер жекелей патентке ие болған. Мұның ішіндегі биоэнергетикалық акку­муляторға тоқта­латын болсақ, ол ғарыш­тан келетін нит­риндік зарядты өз бойына жинап, сол аккумулятор қонды­рылған камераға адам­ды енгізсе, оның терісі жасарып, қан айна­лымы жақсарады-мыс. Халық және рухани емшілер мекемесінің мәліметінше, Жалыбин деген ғалыммен бірлесіп, қолға алынған бұл биокамера үш қабаттан тұрады. Бірінші қабаты – мыспен, екін­шісінде – алюминий мен мырыш аралас, үшіншісі болатпен көмкерілген. Аталған камера энергиясы адам клет­каларының өмір сүруін ұзартып, қанды сұйылтады.
Ал ғылыми негіздемеге келсек, мәсе­лен, олар жедел жәрдем ішінде қатты қысы­лып жатқан адамның есін бірден жинауына ықпал ететін бақсылық тәсіл­дердің түрлеріне бүгінгі медицинаның қатты қызығушылық білдіріп отырған­дығына қанықтық.

Бағзы заманнан келе жатқан халық емшілігі, шипагерлік, бақсылық, құма­лақшы, жұлдызнамашы, жауырыншы, сынықшы секілді қазақтың кәсіби дәстүрі кеңестік кезеңде жабайы үрдіске теңеліп, оның жолы жабылды. Әйтпесе қазақтың ауыз әдебиетінде бұл мәселе туралы жазбалар көптеп кездеседі. Қойлыбай бақсы, Абылай ханның жұлдызшысы Байыс би, Бұқар жырау, Бекет әулие сынды халыққа танымал, тарихта болған адамдар көп. Яғни табиғаттың керемет қасиеті айрықша адамдарға берілетіндігі хақ. Демек, тәуелсіздіктен кейін өзіндік болмысын қайтадан қалыпқа келтіруге тырысқан төл дүниелердің бірі – халық емшілігі деп қарастырған дұрыс. Әрине, ел дамуының сатысында әр саланың өзіндік кемшілігі мен артықшылығы болады. Қалай дегенмен де, бүгіндері осындай төл саланың нарықтық қарым-қатынасқа түсіп, заңдық сипатқа ие болуы бізді қуантады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста