Валюта айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты
Қазақстан астанасы мен Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінің барлығы дерлік 22 наурызда доллар сатуды тоқтатты.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыда тек екі айырбастау пунктінде ғана доллар 452-452,5 теңгеге сатылып жатыр.
Ал Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктері америкалық валютаны сатуды бүгінге тоқтатқан.
Шымкентте бір долларды 453 теңгеге сатып алуға болады.
Айырбастау пунктерінде еуро бағамы: 483-490, 485-492 теңге.
Бұған дейін ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеген болатын.
АҚШ доллары - 6 теңге;
Еуро - 7 теңге.
Бұл шаралар елдегі төтенше жағдай режимі уақытында іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.