Ұялы байланыс: біреулерге пайдалы іс, біреулерге...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бүгінде өмірімізді ұялы байланыссыз елестету қиын. Қалта телефонымызға тәуелділік деңгейіміздің өскені сондай, бір күн оны ұмыт қалдырсақ, қоршаған ортамен байланыссыз қалғандай күй кешетініміз рас. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін соткасыз жүрмейтін болды. Бұл әншейін теңеу емес...
Статистика агенттігінің мәліметі бойын­ша, елімізде қазір 17 млн адам тұрады. Ал ұя­лы байланысты қолданушылар ретінде тіркелген абоненттер саны 29,19 мил­лион­ға жеткен. Бұл – статистика агенттігі­нің биылғы жылғы наурыздағы мәліметі. Ел тұрғындарының ұялы байланыспен қам­тылу деңгейі 172 пайызға жетіп отыр. Таңдай қағарлық-ақ көрсеткіш. Осы мәлі­мет­терге қарап, тұрғындардың кемі екі-үш сим-картаға иелік ететінін болжау қиын емес. Әйтсе де бізде ұялы байланыс өз дең­гейінде дамыған, қызмет ақысы көкей­ге қонымды деп айта алмаймыз. Былай қа­ра­ғанда, қала тұрмақ, ауыл-аймақтың өзі ұялы байланыспен қамтылып жатыр. Ел аумағының 95 (!) пайызында ұялы бай­ла­ныс бар. Сонда неге бізде ұялы байла­ныс дамыған деген тұжырым жасауға кел­генде тіліміз күрмеле береді?
Бізде ұялы байланыс нарығының дамуы кейбір көрші елдерден неге кейін­деп қалған? Мамандар бұған қатысты бірнеше факторды алға тартады. Оның ең бірінші сатысында демографиялық ахуал тұр. Жоғарыда еліміздегі халықтың нақты санын келтірдік. ҚР Статистика агенттігінің мәліметі халықтың жылдық орташа өсімі бізде 1,7 пайыздан аспайтынын көрсетеді. Бұл жылына шамамен 263,3 мың адам. Яғни халықтың өсімі тым баяу деген сөз. Осы көрсеткіштерге қарап бізде ұялы бай­ланыс нарығы өзінің шарықтау шегіне жа­қын­дап келеді деп айтуға толық негіз бар. Екінші себеп: елімізде интерконнекттің жыл­дық мөлшерлемесі тым жоғары. Ин­тер­коннект деген – бір ұялы байланыс опе­раторының өзінің желісінен тыс басқа байланыс операторымен арадағы өзара қосылуы үшін алынатын төлем. Мысалға алсақ, Вeeline абонентіне Кcell операторы абонентімен сөйлесу құны тым қымбатқа шығады. ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі зерттеуіне назар салсақ, біздегі интер­кон­нект мөлшерлемесі 13,02 теңге көлемінде екенін көреміз. Ал, мәселен, ТМД елде­рін­де мұндай мөлшерлеме 3-5 теңгеден ас­пайды. Көріп отырғаныңыздай, айыр­ма­шы­лық екі еседен де жоғары.
Ұялы байланыс нарығын дамыту жо­лын­дағы үшінші фактор ретінде елдегі бю­рократизм атап көрсетілген. Өйткені бізде радиоэлектронды құралдарды пайдала­ну­ға рұқсат беретін құжаттарды алу тым ұзаққа созылатын процесс көрінеді. ҚР Бә­секелестікті қорғау агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бізде радиожиілік ресурсы же­тіс­пейді екен. Мұндай ресурстың 90 пайы­зын әскери қызмет иеленіп алған. Ұялы бай­ланыстың отандық нарығын дамытуға тағы бір кедергі ұялы мен тұрақты байла­ныс операторларының арасындағы техни­ка­лық мәселелерге келіп тіреледі. Дәлірек айтқанда, бұлардың арасында бірыңғай есеп трафигі жоқ, сондай-ақ жергілікті те­ле­фон байланысы мен ұялы байланыс опе­раторының тікелей қосылу мүмкіндігі мүлдем қарастырылмаған.
Тар нарықтың тәлкегі
Көлік және коммуникация министрлігі­нің бізге берген мәліметіне көз салсақ, елі­мізде ұялы байланыс GSM (900, 1800), UMTS (700, 2100) және CDMA (450, 800) үл­гісінде жүзеге асырылады. Мұның ішін­де GSM, UMTS үлгісінде келесідей ұялы бай­ланыс операторлары жұмыс істейді. Біріншісі, бақылаушы акция пакеті Telia­So­ne­ra холдингіне тиесілі «Ксеll» АҚ. Акция­сы­ның 47 пайызы Fin Tur скандинав – түрік холдингіне тиесілі, бұл компания біздің на­рықта Kcell, Activ және Vegaline сауда белгілерімен танымал. Екіншісі, ресейлік «Вымпел-Коммуникация» холдингінің ен­шілес компаниясы «КаР-Тел» ЖШС. Оны біз Beeline сауда белгісі арқылы танимыз. Үшінші оператор – соңғы кезде жиі ауызға іліге бастаған Tele2 сауда белгісі. Бұл сауда белгісін бізге «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС ұсынды.
Ал енді CDMA үлгісінде «Қазақтелеком» АҚ-қа қарайтын «АЛТЕЛ» АҚ қызмет атқа­рады. Бұл компанияның еншісінде нарық­та Dalacom, Pathword және City атаулары­мен танылған сауда белгілері бар.
ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жыл­да жүргізілетін есебі республикамыз­да­ғы ұялы байланыс нарығындағы бәсе­келестіктің дамымағанын дәлелдей түседі. Нарықта, жоғарыда санамалап шыққаны­мыз­дай, бар-жоғы төрт оператор ғана жұ­мыс істейді. Ұялы байланыс нарығының не­гізгі басым бөлігін тек екі оператор – «Ксеll» АҚ мен «КаР-Тел» ЖШС қалыптас­ты­рып отыр. Біріншісінің еншісіне нарық­тың 51 пайызы тисе, екіншісі 31 пайызын иеленеді. Мұндай жағдай, сөз жоқ, на­рық­қа қатысушылардың қызмет бағасы тиімді қалыптасуына кері әсерін тигізіп ке­леді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бізде осы азғантай операторлар арасындағы өз­ара қосылу тетігі де (интерконнект) ме­шеу күйінде қалған. Осы интеркон­некттің мөлшерлемесі – 13,02 теңге, бұл өзге ел­дердегіден екі еседен де жоғары деп отыр­мыз ғой. Шындығында, бұл баға Үкі­меттің арнайы қаулысымен төмендетілген түрі екен. Ол бұдан бұрын, яғни 2010 жыл­дары 19,98 теңге болған. Үкіметіміз «ин­терконнект қызметін табиғи монопо­лия­лар саласынан шығарып, бәсекелестік ортаға беру туралы» 2011 жылғы 26 та­мыз­дағы №966 қаулысына сәйкес, қа­был­данған шаралар негізінде бұрынғы ба­ға­ны 34,8 пайызға төмендетуге мүм­кіндік туған. Осы 2011 жылға дейін ұялы байланыс операторларының өзара қосылу тарифі бақандай 11 жыл бойы (!) еш­қан­дай өзгеріске ұшырамағаны да таңдан­дыр­май қоймайды. ҚР Көлік және комму­ни­кация министрлігі мен ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің соңғы мәлімдемесіне сенсек, Үкіметіміз интерконнект мөлшер­ле­месін төмендету бағытындағы жұмыс­тар­ды одан әрі жалғастырмақ ниетте. Егер бұл шешім біртіндеп жүзеге асатын болса, санаулы жылдарда біз де ТМД елдеріндегі осы саладағы көрсеткішке табан тіреп қалармыз.
Тобықтай түйін
Бірден айтайық, таяу жылдары еліміз­дің ұялы байланыс нарығында айтарлық­тай өзгеріс бола қоймайды. Өзгеріс болуы үшін нарыққа жаңа «ойыншы» қосылуы тиіс қой. Біздің сараптама енді жаңа опе­ра­тор­дың бой көрсету мүмкіндігін жоққа шығарып тұрғандай. Елімізде 17 миллион халық болса, ұялы байланыстың жалпы абоненттік базасы 29, 19 миллионға жет­кен. Қамтылу деңгейі 200 пайызға жуық­тап қалғандықтан,бізде нарықтың дамуы өзінің шарықтау шегіне жетті десек те, ар­тық айтқандық емес. Енді осы деңгейден тө­мен құлдыратып алмасақ деген қауіп бар. Ондай жағдайға жетпес үшін біздің на­рықтағы төртеу (ұялы байланыс опера­тор­ларын айтып отырмыз) қызмет түрле­рін үнемі жетілдіріп, тиімділігін арттыруға күш салуы керек. Нарыққа ерте бастан ор­ныққан екі алыпты (Kcell мен Beeline) ығ­ыс­тыру үшін жаңа «ойыншыға» мүлдем жаңа, сапалы әрі арзан қызмет түрін ұсыну керек болады. Біздегі радио ресурстық кеңістіктің 90 пайызы әскери қызметтің ен­шісінде екенін ескерсек, бұл тіптен мүм­кін емес жағдай екенін еріксіз мойындауға тура келеді. Сондықтан осы күйімізден айы­рылып қалмасақ екен деп тілейміз де.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста