Тыйым салынған қырғыз малының еті елімізге неге келіп жатыр?

Тыйым салынған қырғыз малының  еті елімізге неге келіп жатыр?

ТМД елдері, яғни Қазақстан, Ресей және Өзбекстан үш жыл бұрын Қырғыз Республикасының ет өнімдері тасымалына шектеу қойған болатын. Бүгіндері бұл шектеу әлі өз күшіне ие. Бірақ соған қарамастан күмәнді қырғыз малының еті біздің базарлардан орын алып жатыр. Мұны көрші ағайын ресми түрде растап та отыр.

Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Мұхамеджан Сұранчиев: «Үш жыл бұрын Ресей, Өзбекстан және Қазақстан Қырғыз Республикасының ет өнімдері тасымалына шектеу енгізген еді. Ол сол кезде біздің еліміздің жер-жерінде тіркелген жағымсыз фактілерге байланысты жарияланған болатын. Яғни тексере келгенде, біздің малдарда бруцеллез, аусыл, сарп, қарасан секілді аурулар кездескен. 2009 жылы Қазақстанның, Ресейдің және Өзбекстанның мамандары жағдайды тағы бір зерттеп кетті. Онда да олар аталған шектеуді сол қалпында қалдыруды жөн көрген. Алайда бүгіндері Қазақстанға қырғыздың ет өнімдері тұрақты түрде жеткізілу үстінде. Өйткені Қазақстан тарапының мамандары ресми түрде шектеу болса-дағы, қырғыз ет өнімдері экспортына рұқсат беріп отыр. Яғни «үн-түнсіз келісімнің» арқасында Қазақстанға қазір ет жеткізіліп жатыр», – деп хабарлайды «АКИpress» ақпарат агенттігі.
Яғни бұл сөзге сенер болсақ, ресми түрде шектеу болғанына қарамастан, екі мемлекет арасындағы мекемелер «көз қысты, бармақ бастының» керін келтіріп, қырғыздың күмәнді мал етін бізге жіберіп жатыр.

Ал қырғыз тарапы бұл мәселені ресми түрде көтеріп жатқанына қарағанда, «біздікілер» тойымсыздық танытқан сыңайлы. Әйтпесе контрабанда деген екі жақ үшін де тиімді, керісінше, мемлекетке көп шығын әкеледі.
Қалай дегенмен де ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан мал өсiрушiлерi қауымдастығының президентi Көпмағамбет Елемесовтің пікірінше, бұл өз нарығымыздың сұранысын өзіміз қанағаттандыра алмай жатқандықтан орын алып жатқан келеңсіздік болып табылады.
Көпмағамбет Елемесов, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан мал өсiрушiлерi қауымдастығының президентi:
– Қазақстан ішкі нарықтағы мал еті өнімдері сұранысының 50 пайызын, ал сүт пен сүт өнімдері сұранысының 20-30 пайызын ғана қанағаттандыра алып отыр. Яғни ішкі сұраныстың деңгейі өте жоғары. Мұндай кезде өзіміз игере алмаған нарықты контрабанда жаулай бастайды. Бұл – нарықтың заңдылығы. Ресми рұқсат берілмесе де, қырғыз етінің бізге келуін осылайша түсіндіруге болады. Қалай дегенмен де мамандар тағы бір тексеру жүргізуі қажет. Сөйтіп, жағдай реттелген болса, бұл шектеуді алып тастауымыз керек. Ресми болмаса да, арнайы мекемелердің рұқсат беріп отырғандарына қарағанда, ол еттер онша күмәнді болмаса керек. Ал қандай да бір кілтипандар шығып жатса, ондай зиянды тауарды шекарадан өткізгендерді, оның сыбайластарын тауып, жазаға кесу керек.

Бір ай бұрын Омскінің Бурановка ауылының малдарынан қарасан немесе сібір жарасы ауруы тіркелген болатын. Сәйкесінше, осыған байланысты карантин жарияланып, Омскінің мал өнімдері Қазақстанның шекарасынан жіберілмей қойған. Бұл мәселе екі аптадан кейін шешімін тауып, карантин алынып тасталды. Бір деректер бойынша, осы уақыт аралығында Омскі кәсіпкерлері 20 миллион рубльге жуық шығынға батқан. Қалай дегенмен де орыс етіне деген шектеу екі аптаның ішінде алынып тасталды. Ал үш жыл бұрын шектеу салынған қырғыздар етінің жолы неге болмай тұр? Бұл қандай да бір экономикалық саясаттың тәсілі ме, әлде, шынымен де, дүрбелеңге бой ұрған қырғыз ағайындар мал ветеринариясы мәселесінің шешіміне әлі дұрыс көңіл бөлмей отыр ма?
Атамұрат Шәменов, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Бұл келеңсіз жайт белгілі бір мемлекеттік органның жауапсыздығы салдарынан орын алып отыр. Ол – ветеринарияның, кедендік органнның және экономикалық ведомствоның қателігі. Яғни жоғарыда келтірілген факті бұлардың реттеу жағынан ақсап жатқандығын көрсетеді. Әрине, тамағына жарымай отырған мемлекет азық-түлік қауіпсіздігіне қаржы жұмсамайды. Сол себепті бұл шектеу ұзағынан созылып жатыр деп ойлаймын. Қырғыздардан ет алсақ, оны ресми түрде кеден бекетіндегі ветеринариялық тексеруден өткізіп, бір-ақ алу керек. Ал шекарадан айналып өтіп жатқан күмәнді еттер ешқандай тексеруден өтпейді. Оның зияны қаншалықты болатынын ол арада отырған басқа сала мамандары білмейтін шығар. Ауру малдың еті ақырындап келіп, бір сәтте жағадан алатын науқасқа шалдықтырады. Қарасанның жайы бөлек. Ол бір демде бұрқ ете түседі. Ал бруцеллез, құрт ауруы ағзаға жабысқаннан кейін бір жылдан соң өзінің белгісін білдіреді. Яғни жаппай халықтың денсаулығына қауіп төндіруде күмәнді қырғыз етін бізге тасымалдап жатқандардың мұнысы қылмыспен пара-пар іс.
Негізі, бізде де мал шаруашылығының ветеринариясы жетісіп тұрған жоқ. Тәуелсіздік алған жылдары бұл саланы өз бетіне жіберіп, тоқыратып алдық. Кеден одағы елдеріне, одан да тыс мемлекеттерге мал өнімдерін экспорттайық деген мақсат алдымызға қойып жатырмыз. Сондықтан басқа елдермен ынтымақтастықта жұмыс істейтін бізге ветеринария бойынша арнайы құрылымдық мекеме құру қажет. Мемлекет оған қаржы бөліп, кадрлық жағынан қамтамасыз етуі керек. Ветеринария полициясы деген мамандықты қайтадан жандандыруымыз тиіс. Міне, сол кезде олар сөз етіп отырған жағдайды реттеуге атсалысып, оның шешімі бойынша жұмыс істейтін болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста