Түрлі түсті құрт жейміз

Түрлі түсті құрт жейміз

Шымкенттік студенттер ұлттық тағамды танымал етудің тәсілін тауыпты. Қаладағы аспаздар дайындайтын колледждің 1-курс студенті кәдімгі құртты түрлі түсті етіп жасауды ұсынып отыр.
Ажар Аштан үйдегі іні-сіңлілерінің құрт­қа тәбеті бола бермейтінін байқайды. С дәруменіне бай бұл өнімнің өске­лең ұр­пақ­тың физикалық тұрғыдан дұрыс же­ті­луіне септігі мол екені белгілі. Сол үшін «Олар­ға құрт­ты қалай жегізсем болады?» деп ойланған қаршадай қызға құрттың құ­ра­мына дәмдеуіштер қосу туралы идея ке­леді. Және оларды пайдалы өнімдерден алуды ойластырады.
Нәтижесінде өнім жасыл, са­ры және қы­зыл түсті иеленеді. Ара­сында алқызылы да бар. Ұлттық өнімге түрлі реңк бе­­ру үшін тек табиғи өнімдер қолданы­лады, оның ішінде қызылшаның жә­не сәбіздің шы­рыны, жаңғақтың дән­дері бар. Бұл тұста колледж инновациялық көр­меге әзір­леніп жатты және оларға ұш­қыр жоба қа­жет болды. Нәтижесінде қа­зылар алқа­сының назарына тың әзір­ле­німдер ұсы­ныл­ды. Шәкіртінің жаңалығын ұс­таздары же­тілдіріп, қарапайым құртқа түр­лі дәм­де­уіштер қосу арқылы оның ем­дік қасиетін арт­тыруды қолға алды. Идея­ның авторы құрт­ты әртүрлі пішінде шы­ға­руды да қолға ал­мақшы. Осылайша, аспаз қа­зақтың құр­тын құлпыртып, денсаулыққа пай­далы та­ғам ғана емес, сонымен қоса құрт­ты та­ны­мал тауарға айналдырмақ. Бұл бас­таманы заң жүзінде тіркеп, оған патент алу­ды да ой­ластырып отыр. Себебі ұлттық су­сы­нымыз қымызды Германия әлдеқашан ием­­деніп алған. «Патент құрттан да айы­ры­лып қалмаудың жолы», – дейді автор. Өнер­­тапқыш түрлі түсті құрттардың ұлттық бренд­ке айналып, ЕХРО-2017 ха­лық­аралық көрмесінде еліміздің мақтанышы бо­латынына да сенімді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста