Тұрғын халықтың әлеуметтік-экономикалық мәртебесі және денсаулығы

Ұлт саулығы тұрғын халықтың физикалық, психикалық және әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттылығымен анықталады.
Табыс өздігінен адамның денсаулығын жақсартпайды, тікелей әсер етпейді. Бұл жерде жоғарғы табысқа байланысты нәрселер: үздік білім, сапалы тамақтану, қоғамдық және әлеуметтік байланыс, отбасы тұрақтылығы тағы басқа факторлар ұлт саулығында маңызды роль атқарады.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық мәртебесі және денсаулығы. Халықтың әлеуметтік-экономикалық мәртебесі келесі төрт фактормен анықталады. Ол білім, қаржылық ресурстар, класс, этнос. Факторлардың әрқайсысы жеке назар аударуға лайық. Негізгі мәселе халықтың еңбек етуі мен денсаулығы арасындағы өзара байланыс. Сонымен қатар, білім және қаржылық ресурс деңгейінің ұлт саулығына әсері қарастырылады.

 

Әлеуметтік-экономикалық мәртебе және денсаулық туралы мәліметтер. Денсаулықтың жиі қолданылатын екі өлшемі бар. Біріншісі, денсаулықтың объективті өлшемі - өлім-жітім коэффициенті. Екіншісі сауалнама жауабында көрсетілген, адамның өз денсаулығын өзі бағалауы. Адамның өз денсаулығын жеке бағалауы, өмір сүру сапасын қамтиды және денсаулықтың объективті өлшемдерімен тығыз байланысты. Денсаулықты өзіндік бағалау шартты түрде бес түрлі мәнді қабылдайды: бір (1) – мықты денсаулыққа, ал бес (5) – әлсіз денсаулыққа сәйкес келеді.
Білім. Халықтың білім деңгейі оның саулығымен тығыз байланысты. Алайда, білім мен денсаулық арасындағы тікелей және кері байланыс тығыздығы белгісіз. Денсаулықтың білім деңгейіне әсер етуі айқын, ал білім деңгейінің денсаулыққа қалай әсер ететіні беймәлім. Білім алуға қабілеттілік білім мен денсаулық арасындағы байланыстың маңызды көрсеткіші.
Қаржылық ресурстар. Табыс пен байлық денсаулық және білім деңгейіне тығыз байланысты. Табыс және байлық денсаулықты жақсарту факторларына (мысалы: медициналық қызмет көрсету және сапалы тағам сияқты) қол жетімділікті жақсартады, сондай-ақ денсаулық еңбек нарығына қатысу мен жақсы жалақы алу мүмкіндігін арттырады. Сырқаттану денсаулық сақтау шығындарын өсіреді, осылайша экономикалық әл-ауқаты (материалдық) азаяды. Әл-ауқат, жүйелі білім алу сияқты, мынадай компоненттерден тұрады: табыс және тұтыну; мемлекеттік әлеуметтік кепілдемелер; тегін және ақылы қызметтер; әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру. Адамның денсаулық деңгейі келесі факторлармен анықталады: созылмалы аурулардың бар немесе жоқтығы, бір жыл ішінде өзін-өзі нашар сезіну күндерінің саны, медициналық мекемелерге бару жиілігі және дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге кеткен орташа ақшалай шығындары.
Нәсіл және этнос кейде адамдар арасындағы генетикалық айырмашылық индикаторы болады. Генетика денсаулық үшін маңызды рөл атқарады. Ғылыми зерттеулер өнеркәсібі дамыған және дамып келе жатқан елдерде әлеуметтік-экономикалық мәртебе мен денсаулық өзара тығыз байланыста екендігін көрсетеді. Кейбір әлеуметтік-экономикалық мәртебе өлшеулері денсаулыққа әсер етеді, кейбіреулері бір-біріне әсер етеді.


Балалық шақтағы денсаулыққа қатысты дұрыс іс әрекет ересек өмірде көрініс табады. Денсаулығы жақсы емес ересек адамдар аз табыс табады, жұмыс уақыты аз болады және зейнеткерлікке ерте шығады. Балалардың денсаулығының бұзылуы олардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін шектейді. Адамның балалық шақтағы нашар денсаулық жағдайы ересек өмірде шектеулер туғызады. Әлеуметтік-экономикалық мәртебе мен денсаулық арасындағы байланыс негізінде жатқан нақты механизмдер толық зерттелмегендіктен ұтымды саясатты анықтау қиын. Бірақ салауатты өмір салтын балалық шақтан бастап сақтау, денсаулықты жақсарту болашақ өмірде артық әлеуметтік-экономикалық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан мемлекет күшін бастауыш және орта білім алушыларға бағыттау қажет.

Ләззат Сейтқазықызы СПАНКУЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Шолпан Карлқызы ӨТЕЛБАЙ,
аға оқытушы.
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста