Тұралаған туризмге қалай жан бітіреміз?

Біздегідей сұлу табиғат көріністері, көнеден қалған тарихи ескерткіштер жер бетінен табылмайтыны хақ. Осы тұрғыдан алғанда әлемдік деңгейдегі туризм кіндігіне айналу мүмкіндігіміз мол. Әйтсе де мұндай мақсатқа жетуге инфрақұры­лымның әлжуаздығы, ортақ тұжырымдаманың жоқтығы, сондай-ақ қызмет көрсету саласының нашарлығы кедергі келтіруде.
Бүгінгі меже. Соңғы жылдары сырт­қы туризм көрсеткішінің өскені байқалады. Айталық, 2011 жылы 24,2 мың адам, 2012 жылы 27,3 мың адам шетелді аралап қайтқан. Дегенмен біздің елімізге шетелдік туристердің де ынтасы ауғаны көрініп тұр. Былтыр тек Астананың өзіне жарты мил­лиондай турист келіп кетті. Маман­дардың айтуынша, жыл өткен сайын олардың саны көбеймесе, азаймауы тиіс. Ал оларды қарсы алып, жоғары дәрежеде қызмет көрсетуге дайынбыз ба? Өйткені қонақ­жайлық қазақтың дастарқанына отыр­ғызып, ет толы табақ тартумен шектелмейді ғой. Оның үстіне 2014 жыл ТМД бойынша туризм жылы деп белгіленген. Оған дейін отандық туризм саласында қандай шаруалар жүзеге аспақшы?
Ендігі меже – ел ішіндегі курорттар мен демалыс орындарын барлық маусымда жұмыс істейтін, сан қилы қызмет көрсететін деңгейге жеткізіп, заман талабына сай ету. Туризмді дамытудың жаңа үдемелі бағдарламасы жеті жылдың ішінде 550 мың жұмыс орнын құрып, елімізге 8,2 млн туристі тартуға мүмкіндік беруі тиіс.
Даму бағыттары. Алда Астана мен Алматыны, осы екі қаланың төңірегін ту­ристік орталыққа айналдыру міндеті тұр. Астана Бурабайдағы курорт аумағымен қоса, көшпенді мәдениет пен далалық туризм орталығына айналады. Астананың негізгі өнімі кластер орталығы ретінде МІСЕ-туризм болмақ. Оңтүстік астана халықаралық тау шаңғысы және іскерлік туризм орталығы есебінде. Шығыс Қазақстанда экологиялық туризм дамиды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы (Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары) «Ұлы Жібек жолының жү­регіне» айналады. Батыс Қазақстанның орталығы Ақтау болса, мұнда «Каспий Ривьерасы» түріндегі жағажай туризмі құлашын жаяды.
Көмек қолы. Осы кластерлерді анау-мынау емес, әлемдік атағы бар төрт ком­пания дайындаған. Әрқайсысы өз бағы­тында мықты. Мәселен, Бурабай демалыс орны мен Кендірлі аймағын жүйелі дамыту бағдарламасын әзірлеуге халықаралық ТHR консалтинг компаниясы тартылды. Кезінде бұл компания Испания­ның туризм саласына арнап – 500, өзге елдерге 40 шақты жоба әзірлеген. Ал жалпы отандық туризмді дамытуға арнал­ған Жүйелік жоспар Howarth HTL (Хор­ватия, Франция) компаниясымен бірлесіп жасал­ған. Ол да бүкіл әлем бойынша қонақ­жайлық саласында ең ірі консалтинг компания саналады. Мейманханалардың Бірыңғай есеп жүйесін осылардан артық ешкім енгізе алмайды.
Туристік кешендер. Қазіргі кезде туристік саланы өркендету негізіне 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарла­ма алынған. Осы бағдарлама шеңберінде еліміздегі келешегі бар туризм бағыттарын дамытуға арналған салалық бағдарлама әзірленіп отыр. Индустрия­ландыру картасына, мәселен, туристік «Бурабай» орталығы енгізілген. Ол бойынша инвестицияның жалпы көлемі 450 млрд теңге деп белгіленсе, 2021 жылы іске қосылмақ. Одан басқа, Кендірлі демалыс аймағына 345 млрд теңге жұмсалады. Ол 2015 жылы іске қосылуы қажет.
Шығыс Қазақстан облысында Алакөл­дің жағасында ірі қонақүй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. 117 млн теңге қаржы құйылған бұл кешен келесі жылы пайдалануға беріледі.  Ал­ма­ты­­да «Сайран» мәдени-сауықтыру бағын салу қолға алынды. Оған 4,3 млрд теңге жұмсалады да, 2016 жылы пайдалануға беріледі.
Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында «Қор­қыт атаға тәу ету» кешені салынып жатыр. Оның құрылысы 2012 жылы аяқталуы тиіс еді, бірақ әлі күнге дейін біткен жоқ. Оған жұмсалған инвестиция – 220 млн теңге.
«Медеу-Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына 30,8 млрд теңге құйылды. Қазірдің өзінде оңтүстік астана қонақ­тарының көзқұртына айналған сыңайлы. Ол да ҮИИБ аясында жүзеге асырылды.
Маман мәселесі. Мамандардың зерттеуі көрсеткендей, біздің елімізде туризмді әуелетуге әлемдік деңгейге сай тур-өнімнің жоқтығы кедергі келтіріп отыр. Тур-өнімге туристік сапарды құрайтын қызмет пен тауар жиынтығы кіреді. Ал бізде туристік және көлік инфрақұрылымы тиісті дәрежеде дамымай отырғаны жасырын емес. Оның үстіне тым қымбат баға, тарихи орындарға жетудің қиын­шылығы келем деушілерді одан сайын үркітеді. Саланың тағы бір әлжуаз тұсы – маман даярлау. Бірақ бұл бағытта да қозғалыс байқалады. Қазақстан ин­дустрияны дамыту институты мен WIFI International Австрия Федералдық эконо­микалық палатасының Эконо­микалық даму институты арасында туризм сала­сында кәсіби білім беру және дайындау жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Бұл маман даярлау ісіне тың серпін беріп, халықаралық дәрежеге сай қызметкерлерді дайындап шығаруға жағдай жасауы тиіс.
Инвестиция. ҚР туризмді дамытудың жүйелік жоспарында республикалық және жергілікті көлемдегі жобаларға құйылатын инвестицияның жалпы көлемі 9,197 млн долларды құрайды. Қолға алынған жобалар кезеңмен 2013-2030 жылдары қаржыландырылады.
Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылға дейінгі туристік кластерге 1144 млн доллар (жеке инвестиция үлесі – 55 пайыз, мемлекеттен – 45 пайыз), ал жобалар жү­зе­ге асқан соң 1653 млн долларды құрауы тиіс.
Бурабай курорт аймағының жалпы құны шамамен 1624 млн доллар деп ба­ғаланған. Жоба 2014-2020 жылдары жү­зеге асырылады.
Оңтүстік Қаскелең жобасының жалпы құны 2,22 млрд доллар деп белгіленген. Ол алдағы 20 жылдың ішінде жүзеге аса­ды.  Туристік кластерді дамытуда жалпы ин­фрақұрылым жөніндегі ұсыныстар Көлік және коммуникация министрлігіне 2020 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын енгізу мақсатында берілген.
Азамат АХМЕРОВ, «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы:
– Жоспарланған инвестициялардың көлемін есептедік. Оған мемлекеттік маңызы бар автодәліз, әуежай секілді ірі жобалардың инвестициясы кір­мейді. Алайда мұнда туризм аймақтарын негізгі жолдармен тоғыстыратын автожолдар есепке алынған. Жалпы, инвестиция көлемінің 55 пайызы, яғни шамамен 6 млрд доллары жеке инвестиция. Туризм саласына 10 млрд доллар инвестиция құйылады. Біздің болжам бойынша 2020 жылға дейін елдің ЖІӨ-не туризмнің қосатын үлесі 2,4 млрд доллардан 7 млрд долларға дейін өсуі тиіс. Ал осы салада жұмыс істейтіндер 270 мың адамды құрауы тиіс».

Тартымдылық. Ал туристерді көбірек тарту үшін оларды қызықтыру қажет. Ол үшін ұлттық брендтер мен еріксіз тамсандыратын таңсық нәрселер ойлап табу қажет. Мәселен, Ішкі туризмді дамыту қауымдастығының басшысы Гауһар Жеңісбек Астанада дабл-деккр, яғни Лондондағыдай екіқабатты автобустар жүргізуді ұсынды. Шамасы, бұл тұманды Альбионға бара алмайтын жергілікті туристер үшін. Сонымен бірге Есіл өзенінде «өзен круизін» ұйымдастыруды қолға алса болады. Шетелдіктерге бұл да таңсық емес. Одан гөрі елдегі көне археологиялық ескерткіштерді жөндеп, бастапқы тұрқын қалпына келтірсе, ішкі туризмді өр­кендетуге сеп болар еді.
Болжам. Оған сенсек, 2020 жылға қарай еліміздегі саяхаттаушылар саны 4-5 миллионға жетеді. Бұл қазіргі көрсеткіштен 2,3 млн артық. 2020 жылға қарай біздің азаматтар демалу үшін 6-8 млн рет сапар­лайды. Ал ішкі нарықтағы саяхатшылардың саны 60-70 пайызға жетуі керек. Демек, біздің халықтың ел ішін кезуге ынтасы артады. Ал шетелден келетін туристер саны 2020 жылы 3-4 миллионды құрайды деп болжанған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста