Тұқым сорттарын сұрыптау ісі ілгерілеуде...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ауылшаруашылығы дақылдарын өсіріп, өндіруде түрлі дақыл сорттарының жоғары сапалы болғаны маңызды роль атқаратыны сөзсіз. Елімізде тұқымды сұрыптаумен айналысатын мекемелер жетерлік. Соның бірі Сайрам ауданындағы сұрыптау телімдік кешені.  Ауылшаруашылығына мол үлес қоса бастағанына 70 жылдан астам уақыт болыпты. Негізі жұмыстары - өнімділігі жоғары сапалы дақылдардың тұқымын анықтаумен, оны қолданысқа ендірумен айналысады. Дәнді дақылдардың сорттарын сынақтан өткізіп, алқаптарға егіп, өсіруді де өздері жүзеге асырады.
Негізгі талап бойынша жоғары сапалы өсімдік сорттары мемлекеттік асылдандырудағы үлкен жетістікке жатқызылып, арнайы тізімге алынады. Көбіне облыстағы шаруа қожалықтары  осы мекеменің қызметіне жүгінеді. Оның себебі де жоқ емес. Мемлекеттік тізімге алынған дақылдардың түріне бюджеттен бөлінетін субсидия алуға болады. «Тұқым шараушылығы» туралы заңның 4 тармағы 13 бабында тұқымдық сынақтан өтпеген мемлекеттік тізімге алынбаған сорттарды алқаптарға себуге тиым салынады делінген. Сондықтан да өнімділігі жоғары сапалы дақылдарды егу басты талап болып отыр. Шаруалардың біразы кезінде бағасы арзанырақ деп өзге елдерден біраз дақылдардың тұқымын әкеп отырғызып, опық жеп қалғандары да жетерлік. Мемлекеттік сұрыптау телімінің аудандағы мекемесі биыл дақылдың 25 түрі бойынша сорттық сынақ байқауын өткізуді жоспарлап отыр. Олардың арасында масақты, дәнді және майлы өсімдік дақылдары, техникалық, көкөністік, мал азықтық түрлері бар. Патент алуға қабілетті 11 дақыл түрі бар. Бүгінгі таңда 329 сортты сынақтан өткізу қажеттілігі туындап отыр. Мекеменің өзінің арнайы жер телімі бар. Сонда өз өнімдерін електен өткізіп отырады.  Соңғы жылдары тұқымдық сұрыптау теліміне нешетүрлі тұқымдық сорттардың отаны саналатын Голандиядан, сондай-ақ Алмания, АҚШ, Израйль елдерінен тиісті саланың мамандары келіп, жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. Тұқымдық шаруашылыққа байланысты өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Келешекте жерсінуге бейім тұқымдық сорттарымен алмасып тұруды да ортаға салыпты. Соңғы кездері облыстағы шаруа қожалықтарына мемлекеттік тізімге алынбаған ауылшаруашылығы дақылдарының сорты  жеткізіліп ол диқандарға біршама қиындық тудырды. Еккен тұқымы өнім бермей, кейбірі көктей солып әбігерге түсірді. Сондай-ақ тиісті субсидияны алуға да кері әсерін тигізді. Қазір бұл мекеме жаздық бидай тұқымының 7 түрлі сортын, жаздық арпаның 7, күздік  бидайдың 3, арпаның 2, жүгерінің 8, жоңышқаның үш түрін шаруа қожалықтарына ұсынып отыр. Олардың барлығы да електен өткен, өнімділігі орасан, жоғары сортты тұқымдар. Одан бөлек мақсары, картоп, қызанақ, пияз, қант қызылшасы, қиярдың түр түрінің сортын таңдауға мүмкіндік мол. Ұтпаса ұтылып жатқан ешкім жоқ. Мекеме қызметкерлерінің алдына қойған мақсаты тұтынушыға жоғары сапалы тұқым сорттарын  ұсыну.  Білікті маманы мен қажетті құрылғылары да жетерлік. Қап дегізерлігі, осыншама ауқымды жұмысты атқарып отырған ғимараттың тозығы жеткендігі. Іргетасы сонау 1939 жылы қаланғандықтан бүгінде әбден тозығы жетіп, құлағалы тұр. Сондай-ақ тұқым сорттарына сараптама жүргізетін зертхананың да ескіргені көңілге қаяу салады. Озық технологиялы соңғы жабдықтармен жабдықталған зертхана болса бұдан да биік жетістіктерге қол жеткізер едік дейді мамандар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста