Теңгенің тағдыры қандай болмақ?

Бүгінде баршаға белгілі ақиқаттың бірі – 2010 жылы бүкіләлемдік қаржы дағдарысының шарықтау шыңына шығатындығы. Сарапшылардың топшылауынша, осы жылдың ақпан айында елдегі барлық қор нарығындағы құнды қағаздардың бағасы төмендеуі мүмкін. Әйтсе де бұл топшылау ғана. Қаржы нарығындағы ахуалымыздың болашағы қандай болатынын әзірше қайсыбір инстанциялар дөп басып айта алмауда. Тіпті қаржы нарығын жіті бақылауға жауапты деген Ұлттық банктің өзі қаржылық қадамдарымыздың келешегі жайлы «ақпан айында бір өзгеріс болады» деді де қойды.

Ал халықтың көкейінде  «Бұл не өзгеріс? Жақсылық па, әлде не?..» деген ой менмұндалайды. Сонымен, Ұлттық банк мамандарының «ақпанда өзгеріс болады» деп емеурін танытуының астарында не жатыр? Теңге ревальвациялана ма, әлде  девальвацияға ұшырай ма?..

Жалпы, мамандардың байыптауынша, бізге ұлттық валютамыздың құны өскен күннің өзінде «көкке іліндік» деп қуануға әлі ертерек. Сарапшылар «әзірге бізге теңге ревальвациясы да, девальвациясы да қауіпті» деген пікірде. Міне, осы төңіректе біз өзімізше талдау жасап көрдік.

Теңге ревальвациясы
Әрине, теңгенің қымбаттау үрдісі төл валютамыздың әлеуетін арттырып, құнын өсіруі тиіс. Бір қарағанда, бұл біз үшін қуанарлық жайт болуы керек. Бірақ базбір сарапшылар «қазіргі экономикалық жағдайымызда біз үшін теңге ревальвациясы қауіпті» дейді.

Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, экономист-сарапшы:
– Болжам бойынша ақпан айының екінші жартысында теңгенің құны көтеріліп, көк қағаздың теңгеге шаққандағы бағамы 130 теңгені құрайды деп топшылануда. Әйтсе де жағдай бұлай қалыптасқан күнде ұтарымыз шамалы. Теңгенің ревальвациялануы шеттен тауар таситын импорттаушылар үшін тиімді болар, бірақ бұл үрдіс шетке шикізат экспорттаушыларға тиімсіз. Себебі қазірде әлем бойынша шикізаттың бағасы жоғары емес. Біз осыны ескермей, теңгенің бағамын өсіретін болсақ, отандық өндірісшілердің экспорттан түсетін түсімі азаяды. Мысалы, отандық өндірісшілер астықтың белгілі бір мөлшерін 2009 жылы 1000 долларға экспорттады дейік. Осы валюта елдің ішкі рыногына келгенде 150 мың теңге болар еді. Ал 2010 жылы доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 130 теңге бола қалса, отандық өндірісшілердің әлгі астық экспортынан түсетін түсімі ішкі рынокқа келгенде 130 мың теңге ғана болып қалады. Айырмашылық жер мен көктей. Мұндайда отандық өндірісшілер 20 мың теңгеге ұтылады. Демек, теңге ревальвациясы экспорттан түсетін түсімді азайтпақ. 

...Сондай-ақ теңге ревальвациясы халықтың төл теңгемізге деген сұранысын төмендетуі мүмкін. Әдетте мұндай жағдайда халық доллардың арзандағанын пайдаланып, арзан долларды алып қалуды көздейді. Бұл үрдіс теңгеге деген сұранысты төмендетіп, долларға деген сұранысты арттырады. Жалпы алғанда, нақ қазіргі жағдайда теңге ревальвациясынан ұтарымыз шамалы. Сондықтан мамандар біз үшін теңге ревальвациясын тежей тұрған жөн екендігін баса ескертеді.

Теңге девальвациясы
Ал біз күткендегіден керісінше, теңге девальвацияланатын болса ше? Ұлттық банк өткен жылдың қаңтарындағыдай шұғыл шешім қабылдап, теңгенің құны тағы да әлсіреуі мүмкін бе? Мұндайда қандай қауіптің алдын алу керек? Бұл ретте мамандар мынадай жайсыздықтарға жол берілетінін тізбелейді:
а) Бірінші, теңгенің құнсыздануы сыртқы қарыздың қайтарылуына зиянын тигізеді.

Қазақстан банктерінің дені сыртқы қарызды доллармен алған. Теңгенің құнсызданып, доллар құнының артуы сыртқа қарызы көп банктерге өзіндік салқынын тигізеді. Бұл сырттан доллармен алған қарыздың өсімін көбейтеді. Девальвация банктердiң сыртқы мiндеттемелерiн орындауды да қиындатып жiбередi.

ә) Екінші ретте халықтың теңгемен жинаған ақшасы құнсызданады. Халықтың тапқан табысы мардымсыз күйге түседі.
б) Үшінші кезекте доллармен несие алғандар үлкен шығынға ұшырайды.

в) Төртіншіден, мемлекетаралық келісім, сауда-саттық қарым-қатынастардың дені валюталар құндылығына байланысты жүретіндіктен, ұлттық теңгеміздің құнсыздануы валюталар базарына да кері ықпал етеді.

Мысалы, өзге елдердің ұлттық валютасының құны артып, теңгенің құны төмендейтін болса, біз нарықтық экономикамыздың осалдығын танытып қоямыз. Сондықтан теңге сауда-саттық жүргізу үшін, уақытында төлем жасау үшін басқа мемлекеттердің қазіргі айналымда жүрген валютасымен сәйкес келуі керек.

Сөйтіп, мамандардың пайымдауынша, әзірше теңге ревальвациясы да, девальвациясы да біздің оң жамбасымызға келе қоймайды. Түйіндеп айтқанда, бұл нақ сол «былай тартсаң – өгіз өледі, былай тартсаң – арба сынадының» кері...

Ал мұндайда не істеу керек?
Бірінші кезекте әзірге қаржы нарығына ешқандай өзгеріс енгізбей, жағдайды нақ қазіргідей ұстап тұру қажет. Бұдан кейін халыққа мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектерге үстеме қаржы қосқан жөн. Бұл халықтың әлеуметтік тұрмысын оңалтуға ықпал етеді де, халықтың сатып алу қабілеті артады. Бұдан айналымдағы теңге массасы көбейіп, теңгенің тұрақтылығы сақталады. Тағы бір ескеретін жайт, ішкі нарықтағы есептесу тек теңгемен ғана жүргізілетін болуы керек. «Міне, қаржы нарығын жетілдіруге байланысты нақ қазір атқарылып жатқан осындай шаралармен қоса, осындай істерді қолға алғанда ғана біз экономикалық өрлеу сатысына көтерілеміз», – дейді мамандар.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста