Теміржол көліктері экологияны жақсарта алады

Теміржол көліктері экологияны жақсарта алады

Газетіміздің оқырмандарына асфальтқа төселетін ала жолақ кедергілер мен кенелерге қарсы медициналық құрал арқылы таныс алматылық өнертапқыш енді еліміздің экологиясын жақсартуға үлес қоспақшы. Дәулет Қартұлының бұл жолғы жаңалығы теміржол вагондарымен байланысты.

Өнертапқыштың айтуынша, қоршаған ортаның жақсаруына қарапайым теміржол вагондарының қосар үлесі зор. Дәлірек айтқанда, оңтүстік астана тұрғыны жолаушылар пойызы мен жүк тасымалдаушы пойыздарға арнайы субұрқақ орналастыруға ұсыныс береді. Теміржол көліктерінің қозғалыс кестесіне әсер етпейтін бұл технология елсіз жерлерді суарып қана қоймай, жаңбырдың жаууына да септігін тигізетін көрінеді. Жылжымалы субұрқақ теміржол бойларындағы алқаптарда өрт қауіпсіздігін төмендетуге, құм көшкіндерін тоқтатуға, ұсақ және ірі қара мал жайылымдарының пайда болуына да ықпал етеді. Дегенмен жаңалықтың кемшін тұстары да жоқ емес. Мәселен, вагондардан шашырап тұрған су жол бойындағы электр желілеріне кері әсерін тигізуі мүмкін. «Алайда мұның да шешімі табылып тұр. Көпірлер мен электр желілері жақын орналасқан жерлерден өткенде алыстан басқару тетігі арқылы суды белгілі уақытқа тоқтатып қоюға болады», – дейді Д.Қартұлы.
Дәулет Қартұлы, өнертапқыш:
– Бұл технология тәжірибеге енетін болса, елімізде ені – 1,2, ұзындығы 15 мың шақырым ылғалды микроклимат қалыптасады. Дүниежүзі бойынша жылына 16 шаршы шақырым жер шөлді алқапқа айналатынын ескерсек, субұрқақтың шөлге айналу қаупі бар жерлердің көк майсалы, бау-бақшалы қалпын сақтап қалуына да септігі тиетіні сөзсіз. Әрі Арал аймағындағы тұздардың ауаға ұшуы тоқтап, егінге қауіп төндіретін жәндіктерді жою мүмкіндігі 85 пайызға артады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста