Шымкентте құны 3 млрд теңгелік 46 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Антикордың Шымкенттегі департаментінің бастығы Дәурен Ерғарин жеке меншікке заңсыз берілген қанша жер учаскесі қайтарылып жатқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның жазуынша, Шымкентте тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жеке меншікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылған.
«Қазіргі таңда сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің балансына қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - дейді ол.
Ерғариннің жазуынша, бұған дейін Алматы қаласында тау бөктеріндегі құрылыс саласында осы тұрғыдағы заңбұзушылықтар анықталған.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz