Шығыстың болашағы – марал мүйізінде

Шығыс Қазақстанның мақтанышына айналған марал шаруашылығын тығырықтан алып шығудың жолы енді табылғандай. Өскеменнен 100 шақырым жердегі Привольное ауылында орналасқан көпсалалы «Багратион-2» шаруа қожалығы қытайлық ғалымдар қатты қызығушылық танытып отырған марал мүйізінен құрғақ күйдегі «Пантомарал» биологиялық белсенді қоспасын (ББҚ/БАД) өндірумен білек сыбана айналысуда. Бұған қоса, келешекте пантыдан таблетка мен капсула түріндегі ғажап препараттар шығарылмақ.
Жаңа инновациялық жобаның алғашқы са­тысын жүзеге асыру барысында Қытай ме­дицинасының мыңдаған жылдар бойғы жи­нақтаған мол тәжірибесі мен тиімді әдіс-тәсілдері басшылыққа алынған. Айта кетейік, аспан асты елінде бұғы-маралдың мүйіздері баға жетпес емдік тауар ретінде саналады. Адам бойындағы иммунитетті жо­ғарылатып, денсаулықты күшейтуде мұндай қоспалардың маңызы ерекше. Тіпті соңғы уақытта баспасөз беттерінде жиі көтеріліп жүрген қартаюдан сақтайтын дә­рі жайындағы сұрақтың жауабын осы пан­т­ыдан табуға болатын сияқты. Қы­тай­лық дәрігерлердің зерттеулеріне жүгінсек, марал мүйізінің құрамында адам ағ­за­сы­ның тез қартаюын болдырмайтын, ке­рі­сін­ше, көптеген ауруға қарсы тұруына көм­ек­те­сетін табиғи қоспалар бар.
– Қытайлықтар біздің елден маралдың мүйізін көптеп алуға тырысады, қымбат ба­ғаға сатып әкетіп өңдеп шығарады. Ал өзі­міздің марал өсіруші шаруашылықтар бол­са, қолымызда бар дүниені құнт­та­май­ды. Әлі күнге дейін сапасы керемет, емдік қасиеті жоғары пантыны дұрыстап іске жа­ра­та алмай келеміз, – деп ойын ортаға сал­ған жобаны технологиялық құрал-жаб­дық­тармен қамтамасыз етуші «Вибромаш УК» ЖШС-нің директоры Анатолий Ковшик елімізде шығарыла бастаған жұқа­дис­пан­сер­лік ұнтақтарды ешқандай кедергісіз сатып алуға болатындығы туралы бұқара ха­лықтың әлі де бейхабар екендігін айт­ты.
Мамандардың сөзіне сенсек, жобаны іске қосу арқылы екі мәселенің түйінін тар­қа­туға мүмкіндік туады. Біріншіден, бұл өн­діріс марал шаруашылығын өркендетуге жаңаша серпін берсе, екіншіден, тұр­ғын­дар­дың денсаулығын жақсартып, са­лауат­ты өмір салтын қалыптастыруға оң ық­па­лын тигізбек.
Мойындауымыз керек, соңғы кезде Шы­ғыстағы марал шаруашылығы дағ­да­рыс­ты бастан кешіріп жатыр. Оған себеп – панты құнының төмендеуі және көп мөл­ше­рін қытай, кәріс компанияларының ар­зан­ға сатып алуы. Кеңес заманында марал ша­руашылығы бізде қатты дамыған, айталық 1980-90 жылдары жоғары сорт­ты пантының бір келісі шетелге мың дол­лар­дан сатылатын. Қазіргі уақытта ел на­ры­ғында мүйіз дәрісі бағасының ар­зан­дауы, сондай-ақ марал өсіру саласының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен мемлекет тарапынан жоғары қолдау көр­се­тілетін тізімге енгізілмеуі қаржылық жағ­дай­ды ушықтырып жіберген-ді. Сала ма­ман­дарының пікірінше, шаруашылықты сақ­тап қалу үшін шикізатты сыртқа сау­да­ла­­май, дайын өнім күйінде айналымға тү­сіру қажет. Алайда бұл істі соңына дейін жет­кізу үшін 18 миллион теңге шамасында қар­жы табу керек.
Ұлан ауданы Привольное ауылында дала маралдарын өсіретін «Багратион» ша­руа қожалығының басшысы Василий Воропай өз сөзінде Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғына арнап үстіміздегі жылдың соңына қарай аталған шаруашылық пен «Виб­ро­маш УК» ЖШС бірлесіп жаңадан дәрі жасап шығаратындығын мәлім етті.
– Біздің ноу-хау нанотехнологияларды қол­данып, пантының жаңа өнімдерін кап­су­ла мен таблетка түрінде шығармақпыз. Олардың құрамында пантыдан бөлек, Алтай тауларында және Ертіс аңғарында кез­десетін емдік қасиеті мол шөптердің қос­пасы да болады. Былайша айтқанда, адамның денсаулығына пайдалы дәру­мен­дер, қоспалар осы дәрінің құрамында жинақталған. Таблеткалар мен капсу­ла­лар­­дың бір артықшылығы адамның ас­қа­за­ны арқылы ағзаға бірден әсер етеді. Қа­зіргі уақытта жобаның технологиялық қон­дыр­­ғыларды орнату, жабдықтау сияқты жұ­­мыстары жүріп жатыр. Жылдың соңына қарай жаңа препараттар сатылымға түседі, – дейді «Багратион» шаруа қожалығының басшысы В. Воропай.
Пантыны Тибет медицинасы ықылым за­маннан бері қолданып келеді. Ол – адам­дар­дың қаны азайғанда, күйзеліске ұшы­рағанда, жүрек қан-тамыр ауруларына шал­дыққанда, сол сияқты тағы басқа ау­руларды жазатын аса шипалы зат. Ға­лым­дардың дәлелдеуіне жүгінсек, бұғы мүйі­зі­нің құрамында 25 түрлі амин қыш­қылы мен минералды тұздар, органикалық затт­ар, дәрумендер көптеп кездеседі. Осын­дай емдік қасиеті зор биологиялық бел­сенді заттар, әсіресе, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыстағы адамдар үшін тап­тырмас ем. Денсаулық сақтау ми­нистр­лі­гінің арнайы рұқсат қағазын алған «Пан­то­марал» биологиялық белсенді қоспасы «Баг­ратион» шаруа қожалығының сауда нүк­телері арқылы сатылымға түскен. Ал­ғаш­қыға қарағанда, қазір тауардың өтім­ділігі жаман емес, шамасы пантының пай­дасын адамдар жақсы біліп алғанға ұқ­сай­ды. Кейбір сауда нүктелерінде қоспаларды мүл­дем кездестірмейсіз, түскен сәтте-ақ жыл­дам сатылып кетеді екен. Десек те, не­сібемізге бұйырған пантымен бірінші ке­зекте отандық тұтынушыларды, содан кейін сыртқы нарықты қамтамасыз етуді қол­ға алғанымыз жөн. Кім біледі, Қазақ­стан­ның бренді мүмкін осы бұғы-маралдың мүйізінде жатуы да ғажап емес...

Керек дерек
Еліміздегі марал мен бұғының 95 пайызы шығыста шоғырланған. Об­лыс­та марал мен теңбіл бұғыларды өсі­­румен 16 шаруашылық айналысады. Оның ішінде 3 390 бас марал өсіретін төрт марал шаруашылығы және 933 бас бұғы өсіретін бір бұғы шаруа­шы­лы­ғы асылтұқымды мал шаруашылығы қа­тарына жатады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста