Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауында көрініс тауып келеді. Онда Елбасы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін бір арнаға түсіру, қоғамның алдыңғы қатарлы күштерін осы зиянды әлеуметтік құбылысқа қарсы жұмылдыру жұмысын айқындап көрсеткен болатын. Сондықтан да ымыраласқан жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы болып отыр, демек, салық басқармасының жұмысында да негізгі басымдылық ретінде анықталуда.
Біздің саламызда жемқорлықпен күресу жөніндегі ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ел Үкіметінің 2007 жылғы №689 бұйрығы негізінде «ҚР Салық бас­қар­масы қызметінің сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы стратегиясы» қабылданған. Әрбір салық басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жасайтын және қызметтік этиканың сақталуына жауап беретін комиссия құрылып, салық төлеу­ші­лер жемқорлық бойынша заң­бұ­зу­шы­лық­тарды мәлімдеу үшін сенім теле­фон­дары жұмыс істейді.
2009 жылдан бастап «Салық және мем­лекеттік бюджетке төлемдер туралы» ҚР Кодексі күшіне енді. Онда тікелей жұмыс жүйесі қолға алынып, салық заңна­ма­ла­рын­дағы екіжақты түсінігі бар нормалар жойылған. Сонымен қатар Салық кодек­сін­де жемқорлықтың белең алуына кедергі жасайтын жағдайлар да қарастырылған. Мәселен: 1) ҚР салық заңнамасын түсін­ді­ру, 2) салық төлеушінің сұралатын құ­жат­тар­ды алдын ала көруіне болатын терминал жүйесінің жұмыс жасауы мен дамуы; 3) салық есептіліктерінің электронды түрде тапсырылуына программалық жаб­ды­қ­тау­лар; 4) бюджетке төлемдердің электронды түрде жасалуы; 5) салық басқармасымен хабарламалар алмасудың электронды түрде жұмыс жасау жүйесін жүргізу және дамыту; 6) салық міндеттерін (есептерді) орындау жөнінде мәліметтер алуына жағ­дай жасалуы тәрізді жұмыстар кешені қамтылып отыр.
Салық басқармасы жүйесіндегі салық есептіліктерін камералдық бақылау барысында заңбұзушылықтарды анықтау салық төлеушінің тапсырған есептілігін, сонымен қатар салық төлеушінің жұмысына байланысты басқа да құжаттарды талдап, саралау арқылы жүргізіледі. Демек, салық төлеушілермен тікелей қатынаста бола­тын­дықтан, мұның өзі сыбайлас жемқорлық элементтерінің салық төлеушімен қатар, мем­лекеттік қызметкер тарапынан да пай­да болуына алып келеді. Қазіргі таңда мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін салық төлеушілермен мәліметтерді электронды түрде алмасу программасы жетілдірілу үстінде.
Қорыта айтсақ, Елбасы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру барысында еліміздің жаңа белестерге көтерілуіне, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығына қол жеткізу үшін біздің қоғам ешқандай заңбұзушылықтарға жол бермей, ымыраласқан жемқорлықпен күресуге барлық күш-жігерін салуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста