"Стартап тур" – болашақтың жобасы

Бүгін Алматы қаласында «Сколково» қорының ұйымдастыруымен «Стартап тур» жобасының Қазақстандағы кезеңі ашылды. Аталмыш шара аймақтарда жас, дарынды ғалымдар мен өнертапқыштардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың, технопарк өкілдерінің, жетекші аймақтық ЖОО мен ғылыми институттардың жобаларына қолдау білдіру, оларға көмек беру үшін ұйымдастырылып отыр. Алматы қаласы Менеджемент университетінде бас қосқан Ресей мен Қазақстанның инновациялық экожүйесі өкілдерінің басын қосқан жиында жоғары техникалық нарықта қажеттілігі бар инновациялық шешімдерді іздеу, жас өнертапқыштарға дамудың өзіндік дербес стратегиясын қалыптастыруға көмектесу мәселелері қарастырылды.
Бұл жобаның маңыздылығы - жігерлі, жас дарындардың арасында инновациялық кәсіпкерліктің идеясын тарату және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кәсіпкерліктің мүмкіндіктерімен байланыстыруға көмектесу екенінде жатыр. Айта кетер жайт Алматы қаласы ТМД елдері ішінде «Стартап тур» ұйымдастырылып отырған бірінші қала. Бұл қаланың таңдалынып алыну себебін шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Инвистиция және даму министрі Әсет Исекешов «Алматы қаласы қолданбалы инновацияны кластерлеуге үлкен мүмкіндігі бар қала. Қалада 1000-ға жуық онлайн бизнес жобалар жұмыс жасайды. Біз жиынды өткізуге басқа да қалаларды қарастырдық. Алайда 58 ЖОО-да 187 мыңнан астам студенттер білім алып жатқан, бизнес жобалар дамуға қолайлы қала ретінде Алматы қаласын таңдадық» деп жиынның неліктен осы қалада өткізіліп жатқанын түсіндіріп өтті. Және «Стартап тур» қатысушыларына сәттілік тілей отырып, оның әлемдік ақпараттық, биологиялық, медициналық, энергетикалық, өнеркәсіптік инновациялық технологияларға қолдау білдіретін ЕАЭО аясындағы маңызды жоба екенін атап өтті. «Стартап турдың» Қазақстандағы кезеңінің ашылуына Қазақстан мен Ресейден 500-дей сарапшылар мен 50-дей спикер инновациялық экономикалық жүйе шеңберінде баяндамалар жасады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста