Шикізат шырмауы: Ресурсқа баймыз ұқсата алмай далмыз

Болжам бойынша 2016 жылы әлемдік тұрғыда энергияның барлық түріне деген сұраныс ұлғайып, оны қолдану екі есеге артады. Сол кездерде энергия өндіруде атом энергиясының үлесі бүгінгі күнгі 14-17 пайыздан 35 пайызға дейін өседі деп пайымдалып отыр.
Жалпы, біз Қазақстанда мұнай да, уран да, көмір де жеткілікті дейміз. Бүгінгі таңда біз осы атом ресурстарын тек отын ретінде, шикізат есебінде ғана кәдеге асырып келеміз. Бұған байланысты халықаралық сарапшылар «болашақта көмір тек энергия есебінде ғана қолданылып, мұнай шикі күйінде экспорттала беретін болса, аталмыш ресурстардың қоры азаяды» дегелі де біраз болды. Негізінен, біз әлем көзін шикізатымызбен қызықтырудамыз. Біздің мұнай мен газдан өзге ресурстарымызға бүгінде бірқатар елдер көз тігуде. Бірақ сол байлығымызды ұқсатудың көзі ғылымда екенін біз түсініп жүрміз бе? Алаш айнасы бүгін осы мәселеге тереңдеп көруді жөн көрді.

Жер асты суымыз тұнып тұрған байлық
Еліміздің «жер байлығын ұқсату тұрғысында мамандардың дені әрбір талды қадірлеп, қастерлесек соның өзінен ұтымды дүние шығаруға болады. Тіпті қазақтың қара суының өзі тұнып тұрған байлық» деседі.
Бұл ретте еліміздің Гидрогеология және геоэкология институтының мамандары тарапынан жүргізіліп отырған арнайы зерттеулер де бар. Мысалы, ғылыми зерттеулерге жүгінсек, елде Іле Алатауының маңынан, Шымкент қаласынан жер астынан ыстық сулардың шығу көрінісі бар. Олардың жоғары қысымы 80-100, 40-45 градусты көрсетіп отыр. Павлодар облысында жер астында 20-25 градустық жоғары қысымда ыстық сулардың бары белгілі болып отыр. Маңғыстаудың маңында ыстық сулар бар. Бірақ әзірге бұл ыстық сулардың қасиеті, құрылымы толық зерттеліп болған жоқ. «Осы жерде бір айта кетерлігі, біздің еліміздегі жер асты суларында сирек кездесетін металдар, химиялық элементтер көп. Еліміздегі жер астынан шығатын минералды сулардың құрамы тіптен ерекше. Қазір біз тек «Сарыағаш» минералды суын ғана пайдаланып жүрміз. Ал елде қаншама минералды сулардың қасиеті зерттелмей жатыр» дейді мамандар.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ғазиза Түсіпбекова, гидролог-маман:
- Бізде Батыс Қазақстан облысы бойынша жер асты суларының ішінде кездесетін сирек металдар тіптен құнды. Мұндай сирек кездесетін металдарды әлемдік тұрғыда «судан алынатын рудалар» дейді. Әлемдік нарықта судан алынатын сирек кездесетін металдардың бағасы мұнай мен алтыннан да қымбат. Болашақта біз осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға күш салуымыз керек. Қазір Қытай елі судан сирек кездесетін металдар алуда әлемдік беделге ие болып отыр.
Иә, осыдан соң амалсыз «аспан асты елінің ұқсатпайтыны жоқ» деп іргеміздегі Қытай еліне қызыға қарайсың. Ғалымдарымыз бұл тұрғыда бізге іздену мен еңбектену қажеттігін тағы бір мәрте баса айтып отыр.
Арал иод тапшылығынан арылтар еді
Табиғи байлық дегенде тағы бір басымдық беріп айта кетер жайт, қазір елімізде йод тапшылығы мықтап орын алып тұр. Ғалымдардың дәлелдеуінше, Аралдың суының құрамында йод ресурсы тұнып тұр. Біз бұл мүмкіндікті де құр жіберіп отырмыз. «Негізі, жерден шығатын ыстық суға халық бекерден-бекер сеніп емдік қасиетіне бас ұрып барып жатқан жоқ. Денсаулыққа пайдасы болған соң халық ыстық суға қарай беттеп жатыр. Есебін тауып зерттесе ол судан да қаншама сирек кездесетін металдар табылатын еді. Өкініштісі осыны зерттеу жоқ» дейді отандық ғалымдарымыз. Бұл пікірлерге қатысты пайымдасақ, көптеген жекелеген мұнай өндіруші компаниялар сапалы мұнай алу үшін де, мұнай құбырларының үстінен ыстық су жүргізіп қоятыны да мәлім. Демек, бұл ойланатын нәрсе.
Қорлан Абсалықова, химия ғылымының докторы:
- Біз Аралды сорға айналып кеткен экологиялық аймаққа жатқызамыз. Қазір Аралда ашық тұз жатыр. Егер оны ұқсатсақ, ол жерлерге арнайы зертханалық жұмыстар жүргізілсе иод тапшылығынан халықты ада ету мүмкіндігі туатын еді. Әрине, ол үшін осы саланы зерттейтін ғалымдарға қолдау көрсетілуі керек. Ғылымға жастарды жасақтауға тиіспіз. Қуатты технологияны ғылымға жұмылдыру қажет. Әсіресе су мәселесі қуатты технологияны қажет етіп отыр. Жер асты суларын зерттеуде нанатехнологияға жүгіну, осы арқылы жаңашылдыққа ұмтылу біз үшін ауадай қажет.
Алмаздың орнын алмастыратын байлық та бар
Жалпы, біз бұған дейін де Алаш айнасында негізді ғылыми жаңалықтардың өмірге енуі, мемлекетаралық саяси қарым-қатынасқа, әлемдік сауда айналымына, өндірістің дамуына үлкен әсерін тигізетінін сөз еттік. Бұған қатысты ғалымдарымыз «бір ғана графен наноматериалының қолданысқа келуі космос, әуе кемелері, машина жасау, электроника, байланыс жүйелерінен темір атаулыны түгелдей ығыстырып шығарады» дескен.
Сондай-ақ ғалымдар бүгінде жер бетіндегі темір рудасы таусылуға таяу екендігін, 40-50 жылдан кейін темір тапшылығы орын алатынын алға тартады. Осы тұста темірдің орнын алмастыратын композиттік материал базальттан жасалған бұйымдар болмақ.
«Бұл материал өте жоғары температураға шыдамды және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз. Алмаздың тығыздығын шартты есептік көрсеткіш бойынша 10 деп алсақ, базальттікі 8-9 құрайды. Осыдан-ақ оның берік материал екенін байқаймыз. Базальт өзінің формасын еш уақытта жоғалтпайды. Соңғы кездері ірі бетон конструкцияларын жасайтын құрылыс компаниялары панельдердің арасына базальттан жасалған арматураларды сала бастады. Өйткені базальттан жасалған арматура қолданылған панельдер жер сілкінісіне төзімділігін байқатты. Базальттың мұндай артықшылықтары жетіп артылады. Ал енді сирек кездесетін базальттың бұл түрі біздің мұнайымызда баршылық. Біздің мұнайымызды шикізат ретінде алып жатқан елдер оны өңдеп осы базальтты алуда. Сондықтан бұл бізге қағылған дабыл. Қалай десек те біреулер тек қана қаржы институттарымен, бір ғана технологиясымен, тек қана электронды құралдарымен атын әлемге әйгілеп жатқанда ресурсқа бай біз тәрізді елге де шектеліп қалуға болмайды» дейді ғалымдар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста