Шикі теріні бағалы былғарыға айналдыра алсақ

Шикі теріні бағалы былғарыға айналдыра алсақ

Елімізде сойылған қара малдан жылына 46 мың тонна тері түседі екен. Бірақ соның 10 мың тоннадайы ғана өңделіп, ұқсатылатын көрінеді. Қалғаны ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Осыдан-ақ біздің асырап-бағып, қиындығына белшесінен бататын малымыздың өнімдерін қаншалықты бағалай білетініміз көрініп тұрса керек.

Бүгінгі таңда Қазақстанда тері өңдеумен айналысатын үш-төрт ірі кәсіпорын бар, соның бірі – Екібастұз қаласындағы былтыр ғана ашылған «КазЭкспортКожа» ЖШС. Қазіргі кезде италиялық, испандық фирма­лармен әріптестікті жолға қойған бұл кәсіпорынға әу баста «Қазагроқаржы» АҚ 117 миллион теңгеге жуық қаржы құйған еді. Ресейдің бірталай тері өңдеу зауыт­тарында еңбек еткен, бүгінде зауыт тізгінін ұстап отырған Ержан Салықов – мал терісінің құнын білетін азамат. Оның аталмыш кәсіпорынды ашып, тері өндірісін қолға алуына, біріншіден, білім-білігінің осы салаға сәйкестігі, екінші жағынан, қолдағы шикізаттың көптігі себепші.
– Тері өңдеу – әу бастан өзіме таныс жұмыс, – дейді Ержан Салықов. – Оның үстіне біздегі мал терісі арзан бағамен Қырғыз, Қытай, Ресей асып жатыр. Яғни шаруаның маңдай тері ақталып жатқан жоқ. Мен зауытты ашқан кезде шетел өнімін қымбатқа ала бергенше, өзіміздің де өнімімізді оларға мойындатуды көкседім. Коммуналдық қызметтерге қарызымыз жоқ. Ай сайын 2,5 миллион теңгедей қаржы – жұмыскерлеріміздің жалақы­сын төлеуге, 700 мың теңге – комму­налдық қызметтерге, 400 мың теңге қаржы салық төлеуге жұмсалады. Қазіргі күні «Қазагроқаржы» АҚ-ға 42 млн теңге қарыз қайтарып үлгердік.
Зауытқа қара мал терісі облысымыздағы «Победа» ЖШС, «Табыс» ЖШС, «Жайма» ЖШС, Екібастұз ет өңдеу комбинаты сияқты ірі шаруашылықтардан және жекелеген адамдардан қабылданады. Бастапқыда зауыттың терінің келісіне белгілеген бағасы 45-50 теңге болса, қазір 1-сұрыпқа жататын тұздалған, дымқыл терінің бағасы 90-100 теңгеге жетіпті.
Мұндағы қабылдау цехына түскен терілер іріктеу, сұрыптаудан кейін сыйым­дылығы 8-9 тонна болатын арнайы бара­банда жуылып, химиялық заттардың кө­мегімен түгінен ажыратылады. Одан соң май мен еттің қалдықтарынан тазартылып, кептіріледі.
– Теріні өңдеу, тазарту жұмысын 130 түрлі химиялық зат кешені атқарады, – дейді Ержан мырза. – Қоршаған орта үшін зиянсыз мұндай технология өнімде де зиянды заттардың қалып қоймауына мүмкіндік береді. Осындай оңтайлы әдістің нәтижесінде өніміміз Еуропада сұранысқа ие.
Зауыттан өңделіп шыққан тері бұдан соң боялып, аяқкиім тігуге немесе жиһаз жасауға пайдаланылады. Яғни қолданысқа толығымен әзір.
Ірі қара мал терісін осылай ұқсатып жүрген зауыт мамандары ешкі-қой сияқты ұсақ мал терісінің бағаланбай, аяқасты қалып жатқанына алаңдаулы.
«Тері дегеніміз – жанды валюта! Ол қай елде де аса бағалы. Халық осыны түсінгені жөн!», – дейді кәсіпкер азамат.
Құрамында 50 адам еңбектеніп жатқан «КазЭкспортКожа» ЖШС-ның бүгінгі жай-күйі осындай. Толық қуатында жұмыс істеп, шығындарын қайтара бастаған зауыттың жемісті жылдары әлі алда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста