Сақтандырушылар серттен тайды

Сақтандырушылар серттен тайды

Батыс Қазақстан облысының дән себілген алқабының 50 пайызы сақтандырылмай жатыр. Осы арада жұмыс істеп жатқан сақтандыру компаниялары түрлі себептерді алға тартып, келісімшарт жасаудан жалтарып, уақытты созу үстінде. Ал кейбір өсімдіктерді міндетті сақтандыру бойынша лицензиясы бар компаниялардың мұнда филиалдары мүлде болмай шыққан. Ол өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді алаңдатуда. Өйткені бұл өңірдің табиғаты биыл жайсыз болып тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, мұндағы бидай алқабының 7 пайызы қуаңшылықтан зиян шексе, 26 пайызының жағдайы өте мүшкіл.

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгіндері бұл аймақта 225,9 мың гектар немесе сақтандыруға жататын егістік алқабының 41,3 пайызы сақтандырылыпты. Нақтырақ айтқанда, жалпы, дән себілген жердің 195,9 мың гектарын бес өзара сақтандыру қоғамы, ал 11,7 мың гектарды Қазақстан фермерлері одағының тұтыну кооперативінің өзара сақтандыру қоғамы сақтандырды. Ал «Халық-Қазақинстрах» НБК ДСК» АҚ сақтандыру бойынша 18,3 мың гектар егістікке өз үлесін қосқан.

Алайда Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының айтуынша, олардың осы өңірдегі филиалы міндетті сақтандыру бойынша ары қарай келісімшарт жасаудан бас тартып отыр. Өйткені аталған сақтандыру компаниясының филиалындағылардың уәжіне қарағанда, «менеджерлердің онсыз да жұмысы көп, сондықтан олар өзге келісімшарттарды жасауға үлгермей жатыр» екен. Ал жергілікті мамандардың пікірінше, олар осылайша міндетті сақтандыру бойынша мойнына жүктелген міндеттемесін орындамай, одан қашқақтап отыр. Себебі биыл құрғақшылық болатыны алдын ала болжанған. Сондықтан қауіп-қатерді сақтандыруда олар көп шығындалмаудың жолын қарастыруда көп келісімшарт жасаудан қашып, әртүрлі себептерге байланысты бұл істі кешеуілдетуде.

Сондай-ақ өсімдіктер бойынша міндетті сақтандыруы бар басқа компаниялардың аймақтарда филиалдары болмай шыққан. Егер егістік алқабын сақтандыруға міндеттеме алса, ондай сақтандыру компаниялары сол шаруашылықпен айналысатын аймақтарда өз филиалдарын ашуы тиіс емес пе? Жергілікті әкімшілік Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы мәселеге байланысты өз базынасын жеткізген де екен. Алайда мәселе сол күйі шешілмей отыр. Ал күннің аптап ыстығы егістікке өз зиянын тигізуде. Соңғы мәліметтер бойынша, мұндағы бидай алқабының 7 пайызы қуаңшылықтан зиян шексе, 26 пайызының жағдайы өте мүшкіл.

Жыл соңында көп шығынға ұшырамас үшін бұл мәселеге Ауыл шаруашылығы министрлігі тез арада араласуы тиіс. Мәселен, сақтандыру компанияларының міндеттемесінен неге жалтарып жатқанын анықтап, оның себебі мен салдарын жоюға атсалысуы керек деп білеміз.

Бұл арада былтырғы жылы егістік алқаптың 56 пайызы күйіп кеткенін, сөйтіп, ерен еңбек еш болғанын еске сала кетелік. Сол кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 555 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін алған еді. Ал биыл жергілікті шаруалар одан да қағылып қалуы әбден мүмкін.

Әуезхан ДАРИНОВ, «Қазақстан фермерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Бұл арада мәселе Батыс Қазақстан облысының өзінде болып тұр. Иә, сақтандыру компаниялары міндетті сақтандыру бойынша міндеттеме алғаннан кейін, одан бас тартуға құқығы жоқ. Бірақ оларды да түсінуге болады. Өйткені Батыс Қазақстан облысында үш-төрт жыл қатарынан қуаңшылық орын алды. Биыл да сол жағдайдың қайталанатын түрі бар. Мұнда егілген егістіктен ешқандай пайда болмай жатыр. Сақтандыру компаниялары да жылда төлем жасау үстінде. Сондықтан таяқ басына тигеннен кейін олар еріксіз қашқақтауға мәжбүр. Сондықтан бұл мәселені Үкімет шешіп беруі тиіс. Біз билікке бұл аймаққа егін себудің қажеті жоқ екенін айтқанбыз. Мал шаруашылығын жандандырсын немесе көпжылдық өсімдіктер өсірсін, бірақ астықты емес. Сол үшін бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды. Үкімет комиссия шығарып, мониторинг жасап, сөйтіп, осы негізде бір шешім шығаруы керек деп білемін.

Ал жалпы сақтандыру нарығындағы өсімдіктерді сақтандыру түрі қаншалықты дамыған, бұл ретте қандай мәселелер бар? Осыған қатысты біз сөзге тартқан «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Талғат Үсенов пікірін төмендегідей білдірді:

– Заң бойынша өсімдіктерді міндетті сақтандыру лицензиясын алған компаниялардың Қазақстан бойынша облыс орталықтарында, орташа деңгейдегі қалаларда филиалдары, өкілдіктері, агенттері міндетті түрде болуы керек. Меніңше, мұндай міндеттеме бойынша лицензия алған компаниялардың сақтандыру төлемін жасауға толық мүмкіндігі бар. Дегенмен олардың ісі туралы егжей-тегжейлі айта алмаймын. Өйткені біздің компания мұндай сақтандыру бойынша қызмет көрсетпейді.

Негізі, лицензияны алған компания сақтандырудан бас тартуға құқығы жоқ. Сақтандырушы сақтандыру полисін сұрап, олар оны бермей жатса, онда оны сотқа бере алады. Сөйтіп, сақтандыру полисін алуға мүмкіндік туындайды. «Сақтандырмаймыз» деп олар айтпауы керек. Бірақ кейбір компаниялар көп қауіп-қатер тәуекеліне бой ұрмас үшін бұл мәселені ұзағынан созып, өз міндетінен жалтаруға тырысады. Бізде ондай мәселе бар. Қалай дегенмен де егер сақтандыру төлемі талап етілсе, 50 пайызын сақтандыру компаниясы, ал қалғанын мемлекетпен қатысы бар қор төлейді. Ол қорға қандай мемлекеттік органдар қатысады, одан, өкінішке қарай, хабарсызбын. Бірақ ондай қор бары анық. Осы арада көптеген дау-дамай туындауда. Өйткені бұл сақтандыру түрі басқалармен салыстырғанда, күрделі формада болып табылады. Сақтандыру жағдайының шарттары күрделі әрі ол толыққанды сипатта емес. Өйткені бізде бұл сақтандыру түрінің барлық шарты, заңдық жағы да айқын белгіленбеген. Негізі, дау-дамай осыдан туындап жатады. Агрофирмалар сақтандыру жасау кезінде оның шартымен дұрыстап таныса бермейді. Қысым жасалғаннан кейін сақтандырады. Нақты себептерге байланысты күткен өнімді ала алмаған шаруалар шығынын есептеп, сақтандыру компаниясынан «осыншама» деп белгілі бір сомада төлем жасауды талап етеді. Ал көп жағдайда сақтандыру шартына ол сай келмей қалады. Заңда да, сақтандыру шарттарында да бұл мәселе толықтай көрсетілмеген. Осы жағынан алғанда, сақтандыру төлемі механизмінің толық дамымағандығы, әсіресе заңнама жағы, агрофирмалардың сақтандыруға деген мәдениетінің, білімінің төмендігі байқалып қалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста