Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласынан тәркіленген сағат аукционда 196 млн теңгеге сатылды
БАҚ мәліметінше, Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы Ибрагим Бақыттан тәркіленген швейцариялық «RICHARD MILLE» брендінің сағаты аукционда 200 млн-ға жуық теңгеге сатылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Электрондық сауда платформасының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, сауда 5 шілдеде таңғы сағат 10:00-де басталды. Швейцарияның әйгілі «RICHARD MILLE» брендінің сағаты бастапқыда 393 млн теңгеге бағаланды.
Аукцион бағаны төмендету әдісімен өткізілді. Яғни, бұл жағдайда бастапқы баға төмендетіліп, аукционда ұсынылған бағаны төлеуге бірінші болып келіскен адам жеңімпаз болды.
Есімі белгісіз қалған сатып алушы бұл сағатты 196 млн теңгеге сатып алған (Т 196 834 788).
Еске салайық, 2018 жылдың маусым айында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Ибрагим Бақыт Германиядан экстрадицияланды. Ұсталған азамат «Bank RBK» АҚ-ның бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінді. 2013-2016 жылдар аралығында ұрланған қаражаттың жалпы сомасы 50 млрд теңге және 83 млн долларды құраған.
Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді, сондай-ақ 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікпен байланысты банк және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Кейін БАҚ-та одан қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүліктен басқа, «RICHARD MILLE» RM27-01CA47 / 50 LIMITED EDITION RAFAEL NADAL; МАРКА, ТИП: RICHARD MILLE маркалы сағаты тәркіленді деген ақпарат шықты.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz