Көлік құралдарын қаңтару немесе тоқтау тәртібін бұзған жүргізушілерге салынатын айыппұл көлемі белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
«ҚР ӘҚБтК 597-бабына «Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» сәйкес, автотұрақ ақысынан жалтарған жүргізушілерге үш АЕК көлемінде, яғни 7215 теңге айыппұл салынады. Егер жыл көлемінде дәл осы әрекет тағы қайталанса айыппұл 5 АЕК болады»,-деді Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Шоқытаев.
Оның айтуынша, арнайы үлгідегі түбіртек Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 822-1 бабының 3-тармағына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық жағдайы анықталған күннен бастап он күн ішінде көлік құралының жүргізушісіне немесе иесіне жіберіледі.